Руханият • 19 Қараша, 2019

Димаш Құдайберген Токиода өнер көрсетеді

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Димаш Құдайберген Токиода өтетін ABU Song Festival фестивалінің арнайы шақырылған қонағы ретінде өнер көрсетеді. 

Димаш Құдайберген Токиода өнер көрсетеді

Бұл артистің Жапония елінде алғаш рет өнер көрсетуі болады. Телефестиваль бәсекелестік жарыс алаңы емес. Бұл Азия-Тынық мұхиты аумағына кіретін мемлекеттердің ең үздік деп таныған әртістерін ұсынатын алаң.

«Димаш Құдайбергеннің аудиториясы Қытай, Азия елдерінде өте көп екенін біз білеміз. Фестиваль «Хабар» телеарнасы эфирінен көрерменге жол тартатын болады. Сондай-ақ Корея, Жапония, Индонезия, Австралия, Түркия сынды мемлекеттер де қатысады», деді «Хабар» телеарнасының директоры Динара Бисембина.

Жуырда Димаш Құдайберген Instagram парақшасында NHK жапон ұлттық телеарнасына берген  сұхбатымен бөлісті. Сұхбат барысында ол Қазақстан елі, домбыра туралы, өзінің шығармашылық жолы мен ұстаздары жайында сөз қозғаған.

«Қазақстанда туып, өскенімді мақтан тұтамын. Әлемнің қай бұрышында болсам да, қазақтың ұлттық өнерімен сусындап, Отанымның намысын,жігерін бойыма сіңіргенімді мақтан тұтамын», деді Димаш.

Көрермендер халықаралық фестивальдің эксклюзивтік арнайы ТВ-нұсқасын 22 қараша күні кешкі сағат 21.40-та «Хабар» телеарнасынан тамашалай алады. 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше