Қоғам • 04 Желтоқсан, 2019

«Road Show»: ipo емес, дегенмен, бұл да инвесторлар үшін

251 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ өз өнімдерін ақпараттық ілгерілету аясында «Road Show» форматын пайдалана бастады. Айта кету керек, шетелде бұл тәсіл компания акцияларын бастапқы жария орналастыру (IPO) кезінде инвестициялар тарту үшін қолданылады.

«Road Show»: ipo емес, дегенмен, бұл да инвесторлар үшін

Студенттік жатақханалар құры­лы­сының жаңа тетігі іске қосыл­ған сәттен бастап жеке инвестор­лар­мен өзара іс-қимыл жасау міндеті жаңа ауқымға ие болды. Мемлекет студент­тік жатақханаларда жаңа төсек-орын енгізу бойынша жоба­ларға кәсіп­керлердің әлеуетін кеңі­нен тартуға ниетті.

Алдағы уақытта студенттерге ар­налған уақытша тұрғын үй нары­ғында ЖОО-мен қатар жеке сектор ретінде жаңа қатысушылар пайда бола­­ды деп күтілуде. Осыған сәйкес мем­­­лекет инвестор шығыстарының негіз­гі бөлігін өтеуді өзіне алуға және бұл ретте жатақхананы оның ме­н­шігінде қалдыруға дайын,  бұл осы бол­жамдарға арналған ынталандыру шара­ларының негізі болып табылады. Ынтымақтастықтың жалғыз шар­ты – енгізілетін нысанның ны­са­н­алы мақсатын өзгертуге шек­теу қа­былдау. Қарапайым сөзбен айт­қанда, нақты әлеуметтік жағ­дай­д­ы қамтамасыз етуде 20 жыл ішінде ен­гізілген жатақхана студент жас­тар­­дың қажеттілігін жабу үшін жұмыс істеуі тиіс.

Қаржы орталығы аймақ кәсіпкер­лерін осы тетіктің мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру мақсатында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының және «Даму» кәсіп­керлікті дамыту қорының қолдауы­мен өңірлерде «Road Show» акциясын өткізді. Форматтың басты ерекшелігі –  нақты инвестордың мүдделері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жобаларға қатысу үшін атаулы кеңес беру.

Іс-шарамен Шымкент, Түркістан, Тараз, Ақтөбе, Орал, Қостанай және Павлодар қалалары қамтылды. Осы өңірлердің әрқайсысында БАҚ, оқу орындары, құрылыс компаниялары мен коммерциялық құрылымдар өкілдерінің қатысуымен іс-шаралар ұйымдастырылды.

Жалпы, акция қорытындысы бойын­ша 6 жеке кәсіпкер және 1 жеке ЖОО-мен келісімшартқа қол қо­­йылды. Қол жеткізілген келісім­дер аясында 2021 жылдың соңына дейін студенттер үшін 2 мың жаңа төсек-орын енгізу жоспарлануда.

Қаржы орталығының өнімдерін «Road Show» форматында ақпа­раттық ілгерілету жөніндегі жұмыс келесі жылы жалғасатын болады. Кесте және өткізу орындары туралы ақпарат тетіктің – studdom.kz промо-сайтында немесе 8 800 080 28 28 телефоны арқылы (қоңырау шалу тегін) қолжетімді болады.

«Қаржы орталығы» АҚ

 

«Әлеуметтік инвестициялардың жаңа форматы» БАҚ үшін брифинг, Тараз қаласы

1

 

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында кәсіпкерлермен кездесу, Орал қаласы

2

 

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өңірлік филиалы алаңында коммерциялық банк өкілдерімен кездесу, Ақтөбе қаласы

3

 

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында кәсіпкерлер және оқу орындарымен кездесу,

Қостанай қаласы

6

 

«Ертіс» телеарнасында студенттік жатақханалар салу мәселе­леріне арналған телебағдарламаға қатысу, Павлодар қаласы

8