Төмен көміртекті экономиканы дамыту жөніндегі ауқымды міндеттерге сүйене отырып, жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы ғылыми-техникалық кеңес құрды, бұл «Қалдықтарды басқару», «Тұрақты энергия ресурстары», «Тұрақты қала (жасыл инфрақұрылым)», «Тұрақты ауыл шаруашылығы», «Экология, қоршаған ортаны қорғау» бағыттары бойынша жұмыс істейтін болады. ҒТК ұсынылған қандай да бір технологиялардың қаншалықты тиімді екенін, оның жергілікті жағдайға бейімделуін және басқа да мәселені бағалайтын болады.
Осылайша, инвесторлар мен жобалардың өтініш берушілері (бастамашылары) үшін бірыңғай терезе құрылады. Қазіргі уақытта IGTIC-ке жасыл экономика саласындағы, оның ішінде аграрлық шаруашылық, қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) қайта өңдеу және кәдеге жарату, ЖЭК, геотермальды және гидроэнергетика, биогаз саласында 300-ден астам жобалар мен технологиялар келіп түсті.
Тәуелсіз сараптау комиссиясына инженерия саласындағы жетекші ғалымдар, «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен жас мамандар, өндірістің ірі мамандары, «Атамекен» ҰКП бизнес өкілдері, мемлекет қайраткерлері, Парламент Мәжілісі мен Сенатының депутаттары кірді.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында экологияны жақсарту, жаңғырмалы энергия көздерін пайдалануды кеңейту, табиғатқа ұқыпты қарауды дамыту жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.
IGTIC – «Халықаралық жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ 2018 жылдың сәуірінде АСТАНА ЭКСПО-2017 көрмесінің ғылыми және технологиялық мұрасын жалғастыру және дамыту үшін Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды.