Қоғам • 13 Желтоқсан, 2019

Жастарды жете тануға жол ашты

173 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жастар жылы еліміздің жастарына өз таланттары мен идея­ларын іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашты. Қолға алынған мемлекеттік бағдарламалардың арқасында жас­тар кәсіпкерлігі, ұлттық туризм, волонтерлік және басқа да бағыттар дамып жатыр.

Жастарды жете тануға жол ашты

Мысалы, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бөлген гранттар аясында жастар білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет саласындағы инновациялық жобаларға, қоғам­дық жұмыстарға, өзін өзі бас­қару органдарының қыз­метіне белсене атсалысуда.

Осылайша Жастар жылында қазіргі заман жастарының қалай өмір сүріп жатқанын, не туралы ойлайтынын және неге қол жеткізгісі келетінін түсініп қана қоймай, ең бастысы олардың өз мақсаттарын жүзеге асыруы үшін жан-жақты жағдай жасалып, жарқын болашақтың негізі қаланды. Мен ұзақ жылдар бойы жастар саласының дамуы мен жақсаруына бастайтын іргелі бағдарламалар іске қосылды деп сеніммен айта аламын.

Бұған қоса биыл саясаткер­лердің, бұқаралық ақпарат құрал­дары, бизнес өкілдерінің, жалпы қоғамның назарын жас­тар тақырыбына кеңінен көңіл бөлуге жақсы мүмкіндік болды. Он жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан «Жастар» ғы­­лы­ми-зерттеу орталығы осы жылы жастар арасындағы өзек­­ті мәселелерді анықтау және ал­­­дын алу мақсатында ег­жей-тег­жейлі зерттеулер жүр­гіз­­ді. Бұған орталықтың да­йын­­­­д­а­ған «Қазақстан жастары-2019» ұлт­тық баяндамасы, «Қазақ­стан­дағы NEET жастар­дың әлеу­мет­тік портреті» және «Ауыл жас­тарының әлеуметтік жағ­дайы: мәселелері мен бола­шағы» атты сауалдамалар дәлел бола алады.

Жастар жылына өтпелі кезең, науқандық іс-шаралар ке­ше­ні ретінде қарауға болмай­ды. Бұл – барлық өңірдегі, қала­лар мен ауылдағы жастармен бел­сенді жұмыс істеудің жүйесін қайта қарау мүмкіндігі, жастар сая­сатының бірыңғай стратегиясын қалыптастырудың бас­тауы.

 

Мариямгүл ҚҰСАЙЫНОВА,

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының бас сарапшысы