Қоғам • 13 Желтоқсан, 2019

Іргелі жобалар жүзеге асты

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасының бастамасымен жарияланған Жастар жылы сәтті аяқталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтер жылының басталуы рәсіміне арналған шарада сөйлеген сөзінде «Елге қызмет ету тек білімді ғана емес, намысты да талап етеді. Жас ұрпақтың ар-намысы жоғары болса, мемлекетіміз­дің мәртебесі биік болады» деп атап көрсетті. Жастар жылында өскелең ұрпақты қолдау үшін көптеген жұмыс атқарылды.

Іргелі жобалар жүзеге асты

Биыл Жастар жылына орай ұйымдастырылған іс-шара­лардың басы-қасында бол­ғаныма қуанамын әрі мақ­тан тұтамын. «Болашақ» қауым­дастығы жастарымызды жан-жақты дамытуға арналған бірқатар республикалық жобаны жүзеге асырды. Олардың қатарында «Жастар – Отанға!» инновациялық фестивалі, Bola­shaq business forum секілді ірге­лі бастамалар бар.

Мәселен, Нетворкинг және жастар ұйымдарының тәжіри­бе алмасуы жөніндегі жоба­ға еліміздің түкпір-түкпірінен 1000-ға жуық жас қатысты. Барлық өңірді қамтып, шараларды ұйымдастыру бойынша тиімді ақпарат пен тәжірибе алмасу үшін аймақтардағы ҮЕҰ жастарына қолдау көрсетуді көздедік. Келешекте де осы бағыттағы жұмысымызды жал­ғастыра береміз.

Келер жылы еліміздегі во­лон­­тер­­лікті дамытуға үлкен үлес қо­са­тынымызға сенімім мол.

 

Лаура ДЕМЕСІНОВА,

«Bolashaq» қауымдастығының атқарушы директоры