Әлем • 17 Қаңтар, 2020

Филиппинде жанартау атқылап, салдарынан 14 қала жабылды

1075 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тааль жанартауының атқылауына байланысты жергілікті тұрғындар үшін Филиппиннің Батангас провинциясында жабылып қалған қалалардың саны 14-ке дейін өсті деп хабарлайды ABS-CBN телеарнасы.

Филиппинде жанартау атқылап, салдарынан 14 қала жабылды

Бұған дейін Филиппиннің төрт қаласының жабылғаны хабарланған болатын. Жергілікті табиғи апаттардың салдарын басқару және азайту жөніндегі жергілікті басқарма басшысы Лито Кастроның айтуынша, жұма күні 14 шақырым радиустағы қауіпті аймақта тұратын барлық жергілікті тұрғынға үйлеріне оралуға тыйым салынған.

Кастро жұма күнгі мәлімет бойынша 66 мыңнан астам адам 283 эвакуациялық орталыққа жайғастырылғанын атап өтті.

Еске сала кетейік, өткен жексенбі күні Тааль жанартауы оянып, бір шақырым биіктікке күл атқылады. Жанартаудың атқылауы салдарынан Филиппин билігі Батангес провинциясындағы үш елді мекеніндегі 80 мыңнан астам адамды эвакуациялауға кіріскен болатын.