Әлем • 11 Ақпан, 2020

Қытайда 1000-нан астам адам коронавирустан көз жұмды

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Ұлттық Денсаулық сақтау комиссиясы 10 ақпан күні елде вирустан 108 адам көз жұмғанын хабарлады. 

Қытайда 1000-нан астам адам коронавирустан көз жұмды

Сурет: Reuters

10 ақпан күні тағы 2478 адамның вирус жұқтырғаны белгілі болды. Сондай-ақ 108 адам індеттен қаза болған (Хубэй провинциясында 103 адам, Пекинде 1 адам, Тяньцзинде 1 адам, Хэйлунцзян провинциясында 1 адам, Аньхой провинциясында 1адам және Хэнань провинциясында 1 адам).

716 науқас ауруханадан емделгеннен кейін шығарылды, оның 427-і Хубей провинциясында тұрады.

Індетке шалдыққан науқастармен тығыз байланыста болған 26 724 адам медициналық бақылаудан босатылған.

Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы аурудың расталған жағдайлары туралы жалпы 42 638 хабарлама алды. Ауру таралған күннен бастап 1016 адам Қытайда коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болды. 

Сондай-ақ Гонконг, Макао және Тайвань провинциясында 70 жағдай тіркелген: 42 - Гонконгта (1 өлім), 10 - Макао (1 емделіп, ауруханадан шығарылды) және 18 - Тайванда (1 емделіп, ауруханадан шығарылды).

Вирус Қытайдан тыс 25 елге тарап үлгерді. Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, коронавирус жұқтырған адам тіркелген жоқ. 

Қытайдан эвакуацияланған еліміздің азаматтары медициналық бақылауда. Сыртқы істер министрлігі жақын күндері Қытайдан елге қайтқысы келетін азаматтарға арнап тағы 2 ұшақ жіберілетінін хабарлады. 

Денсаулық министрінің айтуынша, Қазақстанда ЖРВИ симптомдары мен жоғары температурасы бар 134 адам ауруханаға жатқызылған, олардың 106-сы сауығып шықты, 28-і әзірге стационарларда емделуде, жағдайлары бірқалыпты.