Спорт • 21 Ақпан, 2020

Стенд ату: Мергендер Дохаға аттанды

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21-28 ақпан аралығында Катардың астанасы – Дохада стенд атудан «Qatar Open in Shutgan» деп аталатын халықаралық турнирдің жалауы желбірейді.

Стенд ату: Мергендер Дохаға аттанды

Бұл жарыста Қазақстанның намысын мына спортшылар қорғайды: Әйелдер – Сәрсенгүл Рысбекова, Әсем Орынбай, Мария Дмитриенко, Анастасия Давыдова, Зоя Кравченко және Анастасия Молчанова. Ерлер – Эдуард Ещенко, Александр Ещенко, Виктор Хасянов, Андрей Могилевский, Александр Федоров және Давид Почивалов.

Кезінде стенд атудан жерлестеріміз ірі халықаралық жарыстарда үнемі жүлде алатын. Кейінгі кездері көрсеткішіміз тым төмендеп кетті. Бұл жағдай осы спорт түрінің тізгінін ұстап отырған азаматтарға ой салуы керек. Себебі, стенд ату Олимпиада бағдарламасында бар. Олай болса, жағдайды дере түзеу қажет.