Қазақстан • 26 Наурыз, 2020

Алматы: Көгершіндер неден қырылуы мүмкін?

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Ауыл шаруашылығы министрлігі 28 панфиловшылар саябағында құстардың қырылып қалу себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрды. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Сәкен Ділдахмет facebook парақшасында мәлімдеді.

Алматы: Көгершіндер неден қырылуы мүмкін?

Естеріңізде болса, кеше Алматы көшелерінде көгершіндердің өліп жатқан фотолары мен видеолар тарап еді. Ол туралы сайтымызда жазған болатынбыз. Ал 26 наурызда, яғни бүгін Алматы қаласындағы 28 панфиловшы саябағында құстардың қырылып қалу себебін анықтау үшін Алматы облысы Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының бастамасымен арнайы комиссия құрылыпты. Сәкен Ділдахметтің жазуынша, комиссия құрамында Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау аумақтық инспекциясының, Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының, Зоология институтының және Көгалдандыру бөлімінің өкілдері бар.

к

"Комиссия бұған дейін мұз айдыны болған 100 шаршы метр аумақта 30 құстың қырылып қалғанын анықтады. Алдын ала болжам бойынша құстар уланғаннан қырылуы мүмкін. Комиссия қырылған барлық құстан анализ алып, ветеринарлық қызмет оларды лабораториялық зерттеуге іріктеді. Құстардың неден қырылғаны талдау нәтижесі шыққаннан кейін белгілі болады" деп жазды Сәкен Ділдахмет.

 

Фотолар Сәкен Ділдахметтің парақшасынан алынды