Қоғам • 25 Сәуір, 2020

Елорда дәріханаларына 5 млн маска әкелінді - әкімдік

58 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елорда әкімдігі дәріханаларға қосымша 5 миллион медициналық маска жеткізгенін хабарлады.

Елорда дәріханаларына 5 млн маска әкелінді - әкімдік

23 наурыздан бастап қалаға 3 млн 300 мыңнан астам маска әкелінді.

Қалалық емханаларға онкологиялық аурулармен ауыратын, жүкті және 65 жастан асқан адамдарға 300 мың маска берілді.

«Біргеміз» акциясы аясында 2 млн маска тегін таратуға берілді. Олар 40 мың аз қамтылған отбасыға таратылады. Қазіргі таңда барлығы 1 млн 370 мың маска таратылған.

Республикалық еріктілер фронт-офисы елордалық жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі балаларға 100 мың маска таратты. 30 мың маска елорда тұрғындарына тегін берілді.

Одан бөлек елордада медициналық масқа тігу өндірісі жолға қойылды.

Маска сатып алуға болатын мекен-жайлар: Тұран даңғылы, 37; Достық, 18 (Москва БО); Сарыарқа даңғылы, 3 (Болашақ); Дінмұхамед Қонаев, 14/2 (Нұрсая); Ахмет Байтұрсынұлы, 3 (Хайвилл); Қабанбай батыр даңғылы, 21 (Азия парк); Бауыржан Момышұлы даңғылы, 16 (13 магистраль); Тәуелсіздік даңғылы, 21/4 (7Я ТК); Шәймерден Қосшығұлұлы, 3/1 ( №10 поликлиникаға қарсы); Мәңгілік Ел даңғылы, 19;  Сарайшық, 5 (Лазурный Квартал); Қаныш Сәтбаев, 23/1; Жансүгірұлы, 8/1 (Аружан СОО); Мәңгілік Ел даңғылы, 53 (Promenade Expo-С ТК); Мәңгілік Ел даңғылы, 35 (Триумфальная Арка ТК); Ұлы Дала даңғылы, 6/1 (ЭКСПО Плаза); Александр Бараев, 21; Сауран, 3/1 (Сармат 1); Қайрат Рысқұлбеков, 16/3 (Достар-3); Кенесары, 47 (Империал); Иманбаева, 8; Жанайдар Жирентаев, 2 (№ 6 поликлиника, Майлин көшесі жақтан автобус аялдамасына қарсы); Малик Габдуллин, 16 (7 Континент); Сығанақ, 15 (Визит); Иманов, 50 (Қайнар БО); Алаш шоссе, 23/1 (Алаш, Магнум); Тұран даңғылы, 55 д; Тәуелсіздік, 32 және өзге орындар.