Экономика • 29 Сәуір, 2020

Пандемия қаржыны үнемдеуге мүмкіндік беретін тетіктерді санамалап берді

30 реткөрсетілді

«Азаматтық алаңы» пікірталас орталығында «Пандемия және санадағы өзгеріс» тақырыбында өткен тікелей эфир барысында белгілі саясаттанушы Саясат Нұрбек пандемия қоғамға көптеген өзгерістер алып келгенін айтты.

Ең бастысы жұмыс істемейтін, тиімсіз бағдарламаларды айқындап, қаржыны үнемдеуге мүмкіндік беретін тетіктерді де санамалап берді. С. Нұрбек сондай-ақ ең басты өгеріс ретінде  – меритократияны атады. Қоғамда  адамдар материалдық жағдайына қарай емес, қабілетіне қарай теңесті. Екіншіден бұл жағдайлар еліміздегі тиімсіз, керексіз, жұмыс істемейтін қағидаттарды, бағдарламаларды әшкереледі. Үшіншіден бұл жағдайлар реформалар, жаңалықтар енгізуге өте жақсы мүмкіндік туғызып отыр. «Пандемия көпшіліктің көзін ашты. Осы мүмкіндікті біз пайдалана аламыз ба? Ең үлкен сұрақ осы», – деді саясаттанушы.

Сонымен қатар Саясат Нұрбек  191 мың мемлекет онлайн білім беруге көшкенін, өзгеріске тек  Қытай ғана дайын болғанын айтты. Алайда оған Қытайдан басқа ешбір мемлекет дайын болған жоқ. Қытай аз ғана уақытта  180 млн оқушыға 7, 5 мың сервер әзірлеп, осы оқушылардың барлығы онлайн білім алып жатқанын айтып берді. Сонымен қатар дүниежүзінде цифрлік сауаттылықтың деңгейі де әлем алдында айқындалып қалды. «2018 жылы әлемде 14 жастағы оқушылар арасында халықаралық цифрлық сауаттылық бойынша зерттеу жүргізілген. Еліміз сол рейтингтің соңынан табылды. Өкінішке қарай, ол біздің оқушыларымыздың, балаларымыздың цифрлық сауаттылығының төмен екенін көрсетті», – деді BTS Digital білім беру жобасының жетекшісі Саясат Нұрбек.

Соңғы жаңалықтар

Ғасыр зұлматы

Қоғам • Кеше

Ұқсас жаңалықтар