09 Қазан, 2013

Әлем экрандарында – жаңа фильмдер

430 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

09-10-13-v-v-1

Қыркүйек айының басынан бастап әлемдегі ең қуатты кино индустриясы – Голливуд экранға көптеген фильмдерді жөнелтті. Қазір олардың біртіндеп премьералары болып жатыр.

Біз солардың ішінен жұрт назары ауып жатқан 15 картинаны таңдап алдық.

Сонымен,

09-10-13-v-v-2

«12 ай»

Осы шолуға кіріп кетіп отырған бұл жалғыз ресейлік ленте. Оның бас кейіпкері – провинцияда Мәскеуді «жаулап алуды» армандап келген қыз. Бір жолын оның осы аманы да орындалады! Бірақ қандай жолмен, қандай құнмен?

09-10-13-v-v-3

«Екі ұңғы»

Атынан белгілі болып отырғандай, бұл – атыс-шабыс фильмі. Ол америкалық актерлер Дензел Вашингтон мен Марк Уолбергтің қатысуымен түсірілген.

09-10-13-v-v-4

«Нью-Йорктегі үшеу»

Бұл фильм өзінің түсірушілеріне миллиондар әкеле қоймас. Бірақ... Онда Киану Ривз түскен. Соңғы кездері көрермендерін разы ете алмай жүрген актерді осы жолы жұрт тағы бір байқап көруі мүмкін ғой.

09-10-13-v-v-5

«Лавлейс»

Лидан Лавлейс. Егер сіз Х категориясындағы фильмдерге құмар болмаңыз, бұл есімнің таныс болмауы мүмкін емес.

09-10-13-v-v-6

 

«Пипец-2»

Мамандар бұл картинаның кассасы өте көп болатынын айтып отыр.

09-10-13-v-v-7

«Риддик»

Вин Дизельдің орындауындағы жеңімпаз фуриандық экранға жол тартып үлгерді. Ол Отын үшін кек қйтаруға аттанады.

09-10-13-v-v-8

«Құпия әуейілену»

Бұл, шамасы, жасы ұлғайған әйелдерге түсініктірек көрінетін драма болса керек. Ересек екі ұлдың екі анасы. Балалар ер жетті. Бұлар жалғыз қалды. Екеуден екеу. Күйеу жоқ. Бір-біріне ұқсас екі тағдыр. Енді екеуіне де күйеу керек.

09-10-13-v-v-9

«Джобс: еліктіру империясы»

Бәлкім, Стив Джобстың жұрттың бәрі білетін шығар. Бұл соның қосымша құрылтайшы болуымен шығарылған фильм.

09-10-13-v-v-10

«Малавита»

Бұл - Люк Бессонның жаңа фильмі. Онда Роберто де Ниро, Мишель Пфайфер, Томми Ли Джонсон, Дианна Аргон ойнайды. Бұлар ойнаған жерде мафиозиялық клан жүретіні тағы белгілі шығар.

09-10-13-v-v-11

«Сиқырлы орман»

Қыркүйектің соңында отбасылық киноға неме анимацияға баратындар сирейді. Бірақ француздың бұл мультфильміне балаларын ертіп баратын ата-ана көп болуға тиіс. Шолу жасаушылар осылай дейді.

09-10-13-v-v-12

«Va-банк»

Бұл, әлбетте, ертеректе түсірілген поляк фильмінің көшірмесі емес. Мұнда құмарпаз ойынның қазіргі заманғы қаһармандары көрсетіледі.

09-10-13-v-v-13

«Көгілдір көзді Жасмин»

Бұл фильм ең алдымен Вуди Алленнің туындысы ретінде ауызға алынып жатыр.

09-10-13-v-v-14

«Тұтқын қыздар»

Біздің экрандарымызға енді шығып қалатын картина желісі өте ауыр – онда екі оқушы қызды әлдекімдер ұрлап әкетеді. Қыздардың бірінің әкесі полицияға хабар бергенімен, күдіктілердің бірін өзі ұрлап әкетеді...

09-10-13-v-v-15

«Кісі өлтіру маусымы»

Бұл Роберто Де Нироның қатысуымен шығарылған тағы бір фильм екен. Мен өз басым бұл ұлы актер ойнаған барлық фильмді де өте жоғары деп бағалаймын.

09-10-13-v-v-16

Соңғы жаңалықтар