Жоғарыда атап өткендей, наурыз айында науқастан COVID-19 орташа белгілері байқалған. Тамыз айында оған Испаниядан оралғаннан кейін Гонконг әуежайында сынақтан өтіп, тағы да коронавирус диагнозы қойылды. Бұл жолы ол генетикалық жағынан расталмады. Сол себепті ғалымдар Гонконг зерртеушілерінің қайта зерделеуден өткізу керек деп отыр. Себебі, екінші зерттеу қортындысы мутацияға ұшыраған ковид белгісі болуы әбден мүмкін. Ғалымдардың түсіндіруінше, ПЦР тест дертті жұқтырған адамның ағзасында ковидтің әлсіреген жасушалары сақталып қалатынын, ол ПЦР камерасына түсіп қалатынын осыған дейін де дәлелдеген.
Гонконг гигиена және тропикалық медицина мектебінің профессоры Брендан Рен бүгін түс ауа журналистермен кездескен кезде бұл оқиға қайта жұқтырудың өте сирек мысалы болуы мүмкін екенін де айтыпты. Себебі дерттің бұл түрі күні бүгінге дейін толыққанды зерттелмеген. Сол себепті ковидке қатысты кез келген жаңалық тыңғылықты түрде зертеуді қажет етеді.
Өзге ғалымдардың пікірі Гонконг зерттеушілерінің пікірімен үндесіп отыр. Олар екінші жағдай екінші жағдай асимптоматикалық дерт белгісі емес екенін, ПЦР- тестісінің көзіне түсіп қалған вирусты адамның иммундық жүйесі әрі қарай дамып кетуіне жол бермейтінін айтыпты.
Осыған дейін ғалымдар адамның ағзасында бірнеше мыңдаған вирус барын, олардың бәрі адамның өміріне қауіп төндірмейтінін, адаммен бейбіт қатар өмір сүре беретінін да айтқан болатын. Уақыт өте келе ковид вирустары мутацияланып, адам ағзасына қызмет көрсететін «ақылды » вирустардың қатарын толықтыруы мүмкін. Бірақ наурыз айында ауырып, қайтып бойынан дерт белгісі табылған бұл оқиға ғалымдарды алаңдатып отыр. Енді қайта табылған вирустың ағзаға әсері клиникалық жағдайда бақылауға алынады.