Съезде жарғыға енгізілген өзгерістер талқыланып, қолдау көрсетілді, сондай-ақ партияның идеологиялық тұғырнамасының даму басымдықтары мен бағыттары егжей-тегжейлі талқыланып, бекітілді.
Жарғыға енгізілетін өзгерістер партия съезі отырыстарын бейнеконференция режимінде өткізуге, сондай-ақ консультативтік-кеңесші органын партияның Саяси кеңесі түрінде енгізуге мүмкіндік береді.
"Мәселе тек қана мәжіліске өтіп, депутат болу емес. Ең бастысы – шешім қабылдаушыларға ұсыныстар мен идеяларды жеткізе білу қажет. Мемлекет басшысының бастамасы бойынша "естуші мемлекет" тұжырымдамасы іске қосылды, өзара тығыз қарым-қатынас жүріп жатыр. Бізге бірігу керек, бұл тек қана саяси бірлестіктер шегінде емес, жалпы қоғам туралы.Біз бұрыннан келе жатқан партия ретінде, күш жиғанымызды сеземіз және барлық саяси шараларға қатысуға дайынбыз. Бірақ тағы да айта кетейін, партияның принципі – негізсіз уәде беру емес, сайлаушылардың көз алдында, халықтың көз алдында құр сөзді болмау. Мысалы, біз бір ауылға су құбырын тартайық, міне, бұл нақты жұмыс болады. Кішкентай болса да, жұмыс. Егер сіз бен біз қандай да бір көпбалалы отбасыға азық-түлік алып берсек, қаржылай көмектессек, бұл нақты жұмыс саналады", деп түсіндірді "Бірлік" саяси партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали.
Делегаттар Жарғыдағы ұсынылған өзгерістерді мақұлдады, оларды съезд хатшысы Мұрат Қожамқұлов жариялаған болатын. Сондай-ақ, партияның жаңартылған бағдарламасының негізгі тәсілдері мен Съездің үш қатысушы делегаттарының баяндамаларын қолдады. Баяндамалар көші-қон; экологиялық қауіпсіздік мәселелері; ұлтаралық келісімді нығайту мәселелері тақырыбында болды.
"Біз, біздің партия басқа ұлттардың өзіндік ерекшелігі, мәдениеті сақталуын қолдаймыз, бірақ ұлт өкілдері барлық әлеуметтік-экономикалық процестерге, білім беру саласына, кәсіпкерлікке, мемлекеттік органдарға тығыз интеграциялануы керек. Ұлтаралық қатынастар саласындағы кез келген қылмыстар, теңсіздікке, ұлттық немесе діни қағидат бойынша қысым жасауға шақыру қатаң жазалануы тиіс. Бұл берік қағидат", деді съезд делегаты, "Бірлік" партиясының Маңғыстау облыстық филиалының басшысы Тимур Әбдікәрімов
"Өнеркәсіпті, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған қаражат нақты жұмыс орындарын құруға бағытталуы тиіс десем, жаңалық ашпайтыным түсінікті. Жергілікті әкімдер тиімділігінің негізгі индикаторы жұмыс орындарын құру болуы керек. Мемлекеттік бағдарлама бойынша ұсынылған, жалақы деңгейі еңбек нарығы бойынша орташа көрсеткіштен екі, тіпті үш есе төмен болатын жұмыс емес, мамандардың сұранысын қанағаттандыратын нақты жұмыс орындары", деп түсіндірді съезд делегаты, "Бірлік" партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының басшысы Қуаныш Зейнелов.
Аталған бастамалық баяндамалар партияның жаңартылған бағдарламасын әзірлеу кезінде ескерілетін болады.
"Ауыл" партиясымен бірігу мәселесі бойынша талқылаулар болды. Осы партиядағы әріптестеріміз өздерінің съезінде соңғы шешімдерін жариялады. Менің пікірім де БАҚ-та ресми түрде айтылды. Бірлестік бізге артықшылық бермейді деген пікірімді қайта айтқым келеді және осы мәселені жабуды ұсынамын”, деді Партия төрағасы Серик Сұлтанғали.