Экология • 05 Қазан, 2020

Күзгі көшет отырғызу басталды

852 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өртелген жерді қалпына келтіріп, орманды алқаптарды ұлғайту үшін «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында күзгі көшет отырғызу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Күзгі көшет отырғызу басталды

Жасыл желеңді жалпы аумағы 552 гектар аумаққа отыр­ғызу көз­дел­ген. Жабық та­мыр­лы жүйе әдісі­мен қарағай кө­шеттерін өсіру за­манауи стан­саның тың технологияла­ры арқылы жүзеге асады. Өрт ошақтары Бесқарағай ауда­ны­ның 6 ірі филиалында бол­ған­дықтан, кешен осы аудан аума­ғында салынған. Мұның тиімді тұсы – жұмысшылар көшетті алысқа тасымалдап, тамырын бүлдірмейді.

Тарыдай тұқым алып қа­ра­ғайға айналғанша орман­шы­лардың қа­да­ғалауында, күтімінде болады. Мұн­дағы бағбандар көшет тұқы­мын залалсыздандырып барып авто­маттандырылған түрде арнайы ыдыс­тарға себеді. Жылыжайдағы кө­шеттер 10-12 апта ерекше күтімде тұ­рып тамырланады. Жұмысшылар ауа температурасын, ылғалдылықты үнемі назарда ұстап отырады. Олар қылтиған көшеттерді суа­рып қана қоймай, минералды тыңайтқыштар да қолданады. Тамырланды-ау дегенде барып, қарағай өскіндерін арнайы ашық алаңға шығарады. Жасыл желектер ашық жерде, жел­дің өтінде, жауын-шашында жер­гілікті та­биғатқа бейімделеді. Содан кейін барып қана белгіленген жер­лерге отырғызылады.

1

Жабық тамырлы жүйе әдісі­мен өсірілген көшеттердің са­­пасы дәс­түрлі тәсілмен өсі­рілген ек­пе кө­шеттерінен едә­уір жоғары екен. Се­бебі отыр­ғызу кезінде тамыр жүйесі бұ­зылмайды. Тамыр жү­йесі бұзыл­маған соң далалы жерге тез бе­йім­деліп кетеді. «Семей ор­ман­шылығында» бұл тәсіл 2016 жылдан бері қолданылып ке­леді. Жабық тамырлы жүйемен алын­ған көшеттер 18,7 гектар өр­тел­ген ал­қаптарға отыр­ғызылды. Бұл көшеттердің 76%-ы жерге бе­йім­де­ліп, тамыр жа­йып кеткен.

Мамандардың пікірінше, өр­тенген жерді қалпына келтірудің бір­ден-бір тиімді тәсілі осы – жа­санды жолмен қарағай кө­шеттерін егіп шығу. Есеп-қисап бойынша, 1 гек­тарға мөл­шермен 3700-4200 дана көшет отырғызылады. Мұндай игі жұ­мыс жыл сайын жалғасын таба бермек.

 

Шығыс Қазақстан облысы