Оқиға • 06 Қазан, 2020

Табиғаттың құдіретін сезінгіңіз келсе...

573 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаланың күнделікті күйкі тірлігінен бір сәт арылып, табиғаттың ғажайыбын, құдіретін сезінгісі келетін жандарға арналған заманауи IT-технологиямен жабдықталған «Борис Щербаковтың жасыл үйі» есігін ашты.

Табиғаттың құдіретін сезінгіңіз келсе...

«Жасыл үйдің» Борис Щерба­ковтың есімімен аталуында үлкен мән бар. Ол – ғалым-орнитолог, табиғат зерттеуші, қоршаған ортаны қорғауға ерекше үлес қосып жүрген жанашыр, саяхатшы, да­рынды жазушы, Өскеменнің және Вьетнамның Хошимин қаласының құрметті азаматы.

Ғалым-орнитолог елімізде ме­кен ететін 25 құстың түрін анық­­таған. Бірқатар құстың қай­дан шыққанын, құс қанаты мен қауырсынының қалай пайда бол­ғаны туралы ғалымның болжамы жақында әлемдік деңгейдегі жа­ңалыққа айналуы мүмкін.

Біреу білер, біреу білмес. Борис Щербаковтың бастамасы­мен Батыс Алтай, Марқакөл қорықтары, Құлжа және Тарба­ғатай қаумалдары ашылып, Тар­хан және Риддер аумағындағы ағаш кесу тоқтатылған. Ғалым­ның барлық еңбектері туған жер мен елді сүюге, ұлт құн­ды­лықтарын қадір­леуге, таби­ғатты тануға, қорғауға шақырады.

Бүгінгі таңда табиғаттың жыл­дан-жылға тозып бара жат­қаны, адамдардың қоршаған ортаға деген немқұрайлы көз­қарасы өте өзекті мәселе. Жо­ба­ның түп­теп келгендегі мақ­саты да қала­лық­тарды Б.Щер­ба­ковтың және басқа да табиғат зерт­теуші-жазу­шы­лардың ең­бектері арқылы табиғатты та­ну­ға, қоршаған ортаны қор­ғауға шақыру еді.

Жұртшылықты жақсылыққа шақырар «Жасыл үй» табиғат жанашырлары бас қосатын, эколо­гия­лық тақырыптарда түрлі шаралар өткізетін ерекше орынға ай­налары анық.

 

ӨСКЕМЕН