Аймақтар • 06 Қазан, 2020

Аю атқан браконьер ұсталды

507 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Рейдтік шара кезінде табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Шемонаиха ауданы, Үлкен Өзен ауылынан 7 шақырым жерде өлген аюдың қалдықтарына кез болған.

Аю атқан браконьер ұсталды

Жедел-іздестіру шаралары барысында тіркелмеген екі ұңғылы тегіс мылтықпен аю атып, етін бөлшектеп, өзімен алып кеткен 26 жастағы Үлкен Өзен ауылының тұрғыны ұсталды.

Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде: тіркелмеген екі ұңғылы тегіс  мылтық пен оқтары, пышақ, мотоцикл және елуден аса полиэтилен пакетіне салынған аюдың еті тәркіленді, - дейді облыстық полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.

Орын алған оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 337 бабы, 1 бөлігі (Заңсыз аңшылық) негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Шығыс Қазақстан облысы