Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызметі берген мәліметтерге сүйенсек, Ұлан аудандық соты "Асубұлақ" орта мектебі" КММ директорына қатысты үкім шығарды. Анықталғандай, мектеп директоры АИ-92 маркалы жанар-жағармайға талондарды ұрлау арқылы бюджет қаражатын жымқыру күдігіне ілінген.
"2020 жылғы 7 қазанда Ұлан аудандық сотының үкімімен "Асубұлақ орта мектебі" КММ директоры Б.К. Катренованы 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасы кесілді", деп хабарлайды ведомстваның баспасөз қызметі.
Сот шешіміне сәйкес, сотталушы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.
Шығыс Қазақстан облысы