Павлодар өңірінде індет жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатқан 26 адамның жағдайы ауыр. Өткен аптада облыста 8 науқас көз жұмған. Бұл жайында эпидемиологиялық ахуал туралы өткен онлайн-баспасөз жиынында облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Ерғалы Асылбек мәлім етті.

– Қазір облысымыздың әр ауданынан күн сайын індет жұқтырғандар анықталуда. Ал соңғы тәулікте Павлодар, Шарбақты, Успен аудандарында ғана анықталмады. Осы күндері арасында 4 жүкті әйел, 15 бала бар, 612 науқас стационарда емделуде, 10 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Инфекциялық стационарлардың жүктемесі 35 пайызды құрайды, – деді Е.Асылбек.
Бүгінге дейін облыста 15 787 адамнан індет анықталса, 14 450 науқас жазылып шыққан, 107 адам көз жұмды. Биылғы жыл басынан бері 6 656 адам індет жұқтырған. Олардың 2500-ден астамы үйлерінде ем қабылдауда. Ресеймен шекаралас Железин, Шарбақты, Успен, Ертіс аудандарында бекеттерден өткендерге арналған стационарлар жұмыс істейді. Бекеттерде де 6 науқас емделуде. Жыл басынан бері Железин ауданының 293 тұрғыны ауырған.
– Қайтыс болғандар – диспансерлік есепте тұрған қарт адамдар. Жыл басынан бері 20 өлім тіркелді. Олардың арасында ең жасы – 51-де, 2700-ден астам адам КВИ белгісі бар пневмонияға шалдыққан. Қазіргі уақыта 88 адам ем қабылдауда, – деді Е.Асылбек.
Оның айтуынша, облыста індет жұқтырудың көбею себебіне келсек, күз кезінде індет таралу жағдайы тұрақты болды. Жұқтырушылар саны да азайды. Бірақ Ресеймен шекара ашық болды. Екіншіден, жаңа жылдық мереке кезінде сауда үйлері жұмыс істеді. Індет анықталған адам кемінде 2-3 адаммен араласады. Яғни ауру тарау мүмкіндігі жоғары. Сондықтан күзгі және жаңа жылдық кезеңдердің салдары әлі жалғасуда.
Жалпы, өңірде 810 адам коронавирусқа қарсы вакцина қабылдаған. Екпе егудің бірінші кезеңі 19 ақпанда аяқталады.
Павлодар облысы
Аймақтар • Кеше
Тауар тасымалы: Табыстан гөрі тұрақтылық маңызды
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Түркия мен Израиль қарым-қатынасы қайта жанданды
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Спорт • Кеше
Елімізде «жамау» мектеп әлі бар
Білім • Кеше
Әдебиет • Кеше
Жырдың жезкиігі Ақын Кәкімбек Салықов жайлы толғау
Әдебиет • Кеше
Ескі жүйеден есті жүйеге көшу маңызды
Сұхбат • Кеше
Қазақстан • Кеше
Тарих • Кеше
Патриотизм – елін білімімен, еңбегімен көркейту
Қазақстан • Кеше
Көлсайға кел, кереметті көзбен көр
Туризм • Кеше
Спорт • Кеше
«Сұлтан Бейбарыс»: Билік философиясы
Кино • Кеше
Кәсіпорындар кодекс талабын орындай ала ма?
Экология • Кеше
Кино • Кеше
Өнер • Кеше
Абай облысында студенттер есірткімен ұсталды
Оқиға • Кеше
ШҚО-да барлық мектеп бес күндік оқу аптасына көшеді
Аймақтар • Кеше
Жеті өңірде 2 градус үсік жүреді
Ауа райы • Кеше
Қарағандыда 3 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті
Аймақтар • Кеше
Елордада шекарашылардың құрметіне ескерткіш орнатылды
Елорда • Кеше
Бестөбедегі шахтада тағы бір адам көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Дархан Қыдырәлі Қазақстанның Мароккодағы елшісімен кездесті
Қазақстан • Кеше
Алтын құймалар көп сатылатын қалалар аталды
Қоғам • Кеше
Қостанай облысында судья пара алу кезінде ұсталды
Оқиға • Кеше
Магистратураға түскендер тізімі қашан жарияланады
Білім • Кеше
Президент «Шевронның» бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Кеше
Қостанайда бюджеттен ақша жымқырғандар сотталды
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар