Қоғам • 16 Ақпан, 2021

Латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиінің ерекшелігі неде?

2369 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бұл сауал әркімнің де көкейінде тұратын басты сұрақ екені сөзсіз. Бұрынғы акутпен берілген әліпбиге қарағанда соңғысы әбден жетілдіріліп, піскен, көпшілік мамандар талқысынан өткен әліпби болып отыр.

Латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиінің ерекшелігі неде?

Оны нақты деректермен са­­­­­­­­лыс­­тыра дәйектесек, акут әліп­биі­­­­­­мен берілген әліпбиде 32 әріп бо­­латын және акут диакритика­лық бел­­гілері қазақ тіліне ғана тән ә, ө, ү, ғ, ң, у дыбыстарын белгі­леу үшін қолданылды. Сонымен қа­тар онда ш, ч дыбыстарын таңба­лау­ға қол­данылған екі диграф ­(қос әріп) таңба да бар еді. Өздері­ңіз біле­тіндей бұл әліпбиге маман­дар та­ра­пынан да, қоғам тарапынан да сын айтылды. Осыған байла­ныс­ты Ұлт­тық комис­сия жанын­­дағы Орфо­графиялық жұмыс тобына, ға­лым­дарға әліпбиді жетіл­ді­ру бо­йын­ша Мемлекет басшысы тарапы­нан тапсырма берілген еді. Нәти­жесінде, қолда­ныс­­қа ың­ғайлы жетіл­дірілген әліп­би нұс­­­қасы даярлан­ды. Оның бас­ты ерекшеліктері мынада:

- біріншіден, «бір дыбыс – бір әріп ұстанымына» сай келеді;

- екіншіден, мамандардың ұзақ та тыңғылықты талқылап, са­­­рап­­­тауынан кейін, диграфтар мен акут диакритикасы әліпби құра­мынан мүлде алынып тас­талды да, оның орнына умлаут, бревис, седиль және макрон диак­ритика­лық белгілері алынды.

- үшіншіден, аталған әрбір диа­­кри­тикалық белгінің халық­ара­лық деңгейдегі жалпы қабыл­дан­ған ортақ фонетикалық мәні бол­ғандықтан дыбыс мазмұнын дәлме-дәл бере алады, яғни ха­лық­тар ара­­­сында тілді түсінбесе де бірдей таңбалық мән негізінде қабылдау­да ортақ түсінік тудырады;

- төртіншіден, қазақ тілінде­гі ды­быстарды белгілеу үшін пай-­
­­да­­ланылған әріп таңбалары ха­лық­­­­аралық фонетикалық әліпби ба­за­­­сындағы таңбалармен толық сәйкес;

- бесіншіден, біздің қоғамға осы әліпби құрамындағы әріп­тер өздеріне таныс ағылшын, неміс, түрік, әзербайжан, т.б. тілдері әліп­­билерінде де кездесетіндіктен қабылдауға ыңғайлы, меңгеріп шығуда да еш психологиялық ке­дергі тудыра қоймайды;

- алтыншыдан, әліпби нұсқа­сын дайындауда отандық тіл ға­лымдары терең зерттеулер жүр­гізді, нәтижесінде, бірегей әліпби нұсқасы жасалды, халықаралық тәжірибелер, атап айтқанда Түр­кия, Әзербайжан, Өзбекстан секіл­ді елдердегі әліпби түзу бо­­йынша әлемдік тәжірибелер еске­рілді.

Сондықтан да қазіргі ұсы­ны­лып отырған 31 әріптен тұра­тын жаңа әліпби құрамы мей­лін­ше халық көңілінен шығады деп ойлаймыз.

Әліпби жаңарған соң, оны жа­зу­дың емлесі де жаңаратыны – заң­дылық. Бұл реттегі жаңалықтар да көпті толғандыратын, әсіресе оны оқытуға тікелей қатысатын мұғалімдер үшін, күнделікті өмірі жазумен тығыз байланысты жазарман халық үшін көкейкесті мәселе болмақ.

Осы күнге дейін тұтынып кел­­ген емле ережелері ресми түр­де 1983 жылы бекітілген екен. Одан бері қоғамдық-рухани өмі­рі­­мізде талай өзгеріс болды. Елі­міз тәуелсіздік алғаннан бергі эко­­номикалық, техникалық даму ба­­ры­сындағы, гуманитарлық ғы­лым­­дардағы жаңғыруларға қа­тысты тілге енген жаңалықтар мен өзгерістер, әрине, арасына 4-5 жыл салып шығып отыратын Орфографиялық сөздіктер, анықтағыштар арқылы игеріліп отырған болатын. Сөз жоқ, жоқтан бар жасап, мүлдем басқа емле ережелері жасалуы мүмкін де емес. Бұрынғы емледегі тіліміз­дің табиғатын сипаттайтын не­гіз­гі ережелер өзгере қойған жоқ. Ал енді осы жаңа әліпбиге ен­ген өзгеріс өз алдына бөлек бір дүние ғой. Сондықтан да жаңа емле ережелерінің алдыңғы ере­же­лерден ерекшелігі болары сөзсіз. Алдыңғы ережелер қа­зақ тілінің табиғатына қайшы, орыс тілі­нің заңдылықтарын да қоса маз­мұндайтын шатыс боп келді. Яғни орыс тілінің дыбыс­тары сол қалпында сақталып жа­зыл­ды, сол арқылы енген кір­ме сөздерді орыс тілінің орфоэпиясына сәйкестендіріп айтатын едік. Өзіміздің дыбыстау табиғатымызға жат әріптерді де иге­руге мәжбүрленгендіктен тіл­дің жүйелілігіне де нұқсан келге­ні белгілі. Ал жаңа емле барынша қазақ тілінің төл дыбыстарына негізделіп жасалды, яғни енді орыстың 9 әрпі (ю, я, ъ, ь, ц, ч, щ, э, ё) кездесетін дыбыс­тарды қазақ тілінің дыбыс­тық ерекшелігіне икемдеп айта­тын боламыз. Мәселен, элемент – element, цирк – sirk, чемпион – şempion, т.б. Сондай-ақ осы кезге дейін кейбір сөздердің жазылуында ала-құлалық болды, яғни бір модельдегі сөздер әртүрлі жазылып жүрді. Енді сол олқылықтардың бәрі жаңа емледе бірізденіп, өз шешімін біршама тапты. Сонымен қатар алдыңғы ережелер 10-12 тараудан, 129 параграфтан тұрса, жаңа емле 9 тараудан, 107 параграфтан тұрады. Жаңа емле жазу нормаларын тұрақтандыратын, жұртшылықтың жазу мәдение­тін көтеретін бірден-бір көмекші нұсқаулық болады. Әрине, бәрі­не уақыт өз бағасын бере жатар. Қалай болғанда да көпшілікті тол­ғандыратын және ғалымдарға иек артып, сенім білдіретін мәсе­ле­лерде жауапкершілікпен, ыжда­ғат­тылықпен әрекет еткен дұрыс.

 

Нұрлыхан НҰРУЛЛАҚЫЗЫ,

филология ғылымдарының кандидаты, доцент