Технология • 19 Ақпан, 2021

Қазақстан «KazSat-2R» жобасынан бас тартты

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Байланыс серіктерінің жаңа түрлерінің шығуымен байланысты «KazSat-2R» жобасын тоқтату туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин  Мемлекет басшысының қабылдауында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан «KazSat-2R» жобасынан бас тартты

Бағдат Мусин Мемлекет басшысына қазақстандық «KazSat» байланыс серігінің жүйесін дамыту жөнінде баяндады. Атап айтқанда инновациялық шешімдердің пайдасы үшін, соның ішінде байланыс серіктерінің жаңа түрлерінің шығуымен байланысты «KazSat-2R» жобасын тоқтату туралы шешім қабылданды. Бұл бюджеттің миллиардтаған теңге қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинді қабылдады.