Коронавирустық вакцинаның екі инъекциясының біріншісі 79 жастағы Италия президенті Сержио Маттареллаға жасалды.
Бұл туралы шетелдік журналистерге мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Джованни Грассо айтты.
«Президент ине салдырды», деді баспасөз хатшысы. Бірақ қай препараттың қолданылғаны көрсетілмеген.
ANSA мәліметі бойынша, президент американдық Moderna дәрісінің дозасын алған.
Сержио Маттарелла шілде айында 80 жасқа толады және Квиринал сарайында айтылғандай, президент өзінің жас тобына арналған вакцинацияның ұлттық кестесіне сәйкес екпе алған.
«Вакцина Римдегі Лаззаро Спалланзани жұқпалы аурулар ұлттық институтында жасалды», деп хабарлады баспасөз қызметі.