- Бір минут ішінде жүзге жуық күйсеген сиырдың қимылы қоянның қимылымен бірдей екен.
- Бұқаға қызыл түс мүлдем әсер етпейді, бұқа қызыл матаға шаппайды. Бұл жануар түсті мүлдем айыра алмайды. Әлгі тореадорға шабатын себебі, өйткені ол бұқаны шапшаң қимылдарымен әдейі ашуландырады екен.
- Сауын сиыр өз өмірінде орташа алғанда 200 мың стақан сүт береді. Әлемдегі ең ірі сиырдың салмағы 2,25 тонна.
- Сиырлар адам немесе дельфин секілді жылау қасиетін меңгерген, яғни көзінен жас ағып жылайды.
- Жер бетінде ең жиі кездесетін сүтқоректілер – адамдар, бірақ сиырлар осы санатта екінші орында.
- Сиырдың жеген нәрсесі оның кейін қандай сүт беретініне тікелей байланысты, яғни не берсең, соны сауып аласың.
- Сиырлар орташа алғанда 20 жылдай өмір сүреді. Бірақ одан көп өмір сүретіндері де жоқ емес. Ал бұқалар азырақ – 15 жылдай.
- Әлемде тіршілік ететін сиырлардың жалпы салмағы бүкіл адамдардың салмағынан үш есе артық.
- Сиырлар қоршаған ортаға автомобильдерге қарағанда көбірек зиян тигізеді. Оның көңі мен ішектен шығаратын газы ғаламшарымызға шамамен 18% үлес жылыжай әсерін қосады.
- Зоологтардың айтуынша, бұл тіршілік иелері 11 түрлі интонациямен мөңірей алады. Сиыр ғаламшарымыздың магнит өрісінің сызықтары бойында орналасып жатып тынығады. Иә, сиырлар бізге қарағанда, ондайды жақсы сезінеді.
- Куба елінде сиырды өлтірген адам өлтіргеннен де ауыр жазаға тартылады.
- Көптеген халық арасында айналымда ақша пайда болғанға дейін сиыр валютаның бір түрі және жалпы алғанда, басқа материалдық құндылық өлшемі болған.
- Бір табын сиыр, шамамен елу сиыр делік, тәулігіне бір тонна сүт береді.
- Сиырға ат қоюға болады, өйткені ол атын есіне сақтап, дауыстап атағанда елеңдеп, мысалы, ит сияқты байланыс орната алады.
- Сиыр өзі жақсы көретін адамды тілімен жалағанды ұнатады. Сиырдың көру қабілеті барынша жақсы, ол қожайынын танып, түрін есіне сақтай алады.
Дайындаған
Әкім ҚОЖАҰЛЫ