Коронавирус • 01 Мамыр, 2021

Алматыда КВИ жұқтырған 84 бала ауруханада ем алып жатыр

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда коронавирус жұқтырған 3570 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz  

Алматыда КВИ жұқтырған 84 бала ауруханада ем алып жатыр

1 мамыр күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 697 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен - 581, симптомсыз – 116 науқас тіркелді.«Инфекциялық стационарларда 3570 адам бар (төсек-орынның жалпы саны - 6 060), оның ішінде 84 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 224 адам жатыр. Ал 35 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 72 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 5388 пациент бар. Оның ішінде 4780 адамда індет белгілері болған, олар орташа ауыр жағдайда 608 адамда коронавирус белгілері жоқ.