Аймақтар • 23 Маусым, 2021

Алматы әуежайы мен теміржол вокзалдарында бақылау қайта күшейтілді

248 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматы қаласының әкімдігі халықаралық әуежайда және қаланың теміржол вокзалдарында бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылдауға мәжбүр болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы әуежайы мен теміржол вокзалдарында бақылау қайта күшейтілді

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мегаполистің аумақтық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, бас санитарлық дәрігер Ж. Бекшинмен және қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Н. Табынбаевпен бірге Алматы халықаралық әуежайы мен қала вокзалдарының аумағындағы санитарлық эпидемиологиялық  қызметтердің жұмысын тексерді.

Тексеру барысында мегаполис аумағына инфекция таралу жағдайларының алгоритміне және болдырмаудың алдын алу жөніндегі сақтық шараларына баса назар аударылды. ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің елде «Дельта» штаммының айналымына қатысты тапсырмасын ескере отырып, жерүсті қызметтердің коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы дайындығы, ұшу аумағында инфекция симтомдарын анықтайтын жолаушылар үшін жекелеген инфекциялық бокстардың жұмысы тексерілді.

Әуежайға кіре берістегі Ashyq қосымшасы арқылы тестілеуге де назар аударылды. Күзет қызметіне орта есеппен әуежайға кіре берісте «қызыл» мәртебелі екі-үш жолаушы тіркелгені туралы хабардар етіліп, инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу үшін бұл адамдар жедел оқшауланды.

Әуежай базасында аэропорт бөлімшелері басшылығы мен өкілдерінің қатысуымен коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі қалалық штабтың көшпелі отырысы өтті.

Эпидемиологтардың айтуынша, Дельта штаммы жоғары жұқпалы әрі анықталған штамдарға қарағанда 60% жұқпалы. Орташа алғанда, бір адамнан 5-6 адам жұқтырады, ал айналымдағы штамдардан 3-4 адам. Штаммның инкубациялық кезеңі жеті күнді құрайды. Ғалымдардың зерттеулері коронавирустың үнділік штаммы ауруханаға жатқызу мен өлім-жітімнің ықтималдығы жоғары екенін айтты.

Ж. Бекшин үнді штамының симптомдары басқа, үйреншікті штаммдардан өзгеше деді. Мысалы иіс сезу болмауы мүмкін. Алайда, аурудың белгілері болған кезде  дереу дәрігерді шақыруыңыз керек, өйткені жаңа штамм  қауіпті. Осыған байланысты қала тұрғындары өзін-өзі емдеумен айналыспауы керек.

Әкім орынбасары Е. Бабақұмаров Санитарлық-эпидемиологиялық қорғаудың барлық шараларын күшейтуді, оның ішінде әуежай қызметкерлерін вакциналауға шақырды. Сондай-ақ әуежайды дезинфекциялау жұмыстары жалғасатын болады.

Айта кетсек, Алматы эпидемиологтары қауіпті «Дельта» штаммынан туындауы мүмкін коронавирустық инфекцияның жаңа толқынын жоққа шығармайды. Алматы қаласының коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі қалалық штабы тұрғындарды вакциналауға, сондай-ақ бетперде режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырды.

Еске салсақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, 20 маусымдағы жағдай бойынша SARS-CoV-2 «Дельта» штаммы әлемнің 74 елінде анықталды.

 

 

АЛМАТЫ