23 Маусым, 2021

ПТР-тест анықтамасын қолдан жасаған компания басшысына айыппұл салынды

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында жеке компания басшысы қызметкерлеріне ПТР-тесттің жалған анықтамасын жасағаны үшін жазаланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ПТР-тест анықтамасын қолдан жасаған компания басшысына айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 Есіл аудандық соты жеке компанияның бас директорына қатысты ПТР-зерттеу анықтамаларын қолдан жасау және «Ұлттық медициналық орталық» АҚ зертханасының жалған бланкілерін жасау фактісі бойынша үкім шығарды.

«Сотталушы нысанға кіруге құқық беретін ресми құжатты ilovepdf.com сайтының көмегімен өз ЖШС қызметкерлеріне теріс нәтижесі бар ПТР-тест анықтамасын қолдан жасаған. Сондай-ақ ол тиісті мәтіндік өзгерістер енгізіп, «Ұлттық медициналық орталық» АҚ зертханаларының жалған электрондық бланкілерін де жасаған», делінген соттың баспасөз қызметінің хабарламасында.

ЖШС қызметкерлері жөндеу жұмыстарын орындау үшін нысанға жалған құжаттар бойынша өтуге тырысқан, бірақ Мемлекеттік күзет қызметі бұл әрекеттің жолын кесті.

Сот шешімімен компания басшысына 50 АЕК (145 850 теңге) көлемінде айыппұл салынды. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ботагөз АМАЛБЕК