Қоғам • 02 Шілде, 2021

Жаңа әкімшілік соттар ашылды

828 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Еліміздің аумағында Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Осыған орай, 21 маман­дандырылған әкімшілік сот (МӘС) жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті іске асыру үшін өз жұмысын бас­тады.

Жаңа әкімшілік  соттар ашылды

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының басты құралдарының бірі болып саналатын жаңа кодекс мем­лекеттік, әкімшілік органдар­мен қарым-қатынастарда азамат­тардың жаңа құқықтық кепіл­діктерін және олардың құқық­тары мен заңды мүдде­лерін,
о­ның ішінде сот ісін жүргі­зу­дің жа­ңа нысаны арқылы қорғау­дың неғұрлым жоғары деңгейін белгіледі.

Мемлекеттік басқарудың тиім­­­ділігі едәуір жақсарған дамы­­ған елдер өздерінің жетістікте­рін осы әкімшілік әділетпен бай­ланыс­­­тырады. Сондықтан Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы Қазақстан хал­­қына Жолдауында оны іс жүзі­не асыруды тапсырған болатын.

Жаңа МӘС-да республика сот­тары судьяларының штатын қайта бөлу есебінен барлығы 180-ге жуық судья жұмыс істейді. Олар­дың құрамын қалыптастыру толықтай аяқталды. Судьялық лауазымдардың 90%-ына жоғары біліктілігін растаған тәжірибелі Фемида қызметкерлері орналас­ты. Соған қарамастан, барлық тағайын­далған судьялар Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясында әкімшілік сот ісін жүр­гізу моделіне көшу шеңбе­рінде қосымша оқытудан өтетін болады.

МӘС-ға әкімшілік мемлекет­тік қызметшілер персоналын
(314 мемлекеттік қызметші) жинақтау республика соттары­ның жұмыс істеп тұрған қызметкер­лерінің штатын ұлғайтпай, ішкі резерв есебінен жүзеге асырылды.

Ашық, тез және сапалы қыз­мет көрсету форматында жұ­мыс істеу үшін барлық күш-жігерді жұмсауға дайын білікті мамандарға артықшылықтар бе­ріл­ді. МӘС басшылары әріптес­терін келушілермен қарым-қа­тынаста олардың тілектерін тың­­дауға және ұсынылатын сот қыз­­меттерінің сапасын арттыру үшін қолдан келгеннің бәрін жаса­уға шақырды.

Жаңа әкімшілік соттардың ғимараттарында сервистің тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүр­гізілді, үй-жайлар қажетті жиһазбен және ІТ-жабдықпен жарақтандырылды, бұл АБТ-мен және т. б. онлайн сот процестерін жүргізуге мүмкіндік береді.

Әрбір тілек білдіруші қажетті мәліметтерді тез және толық алу, құжаттарды жолдау, олардың қозғалысын бақылау, сондай-ақ сот процесі қашан және қайда өте­тінін білуі үшін процеске келу­шілер мен қатысушыларға барын­ша қолайлы жағдай жасау­ға ерекше назар аударылды.

Қауіпсіздік нормаларының, сот ісін жүргізудің қазіргі заманғы стандарттарына қойылатын талап­тардың сақталуына, халық­тың әлжуаз топтары үшін объек­тінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге көңіл бөлінді.

Жоғарғы Сот Төрағасы Жа­қып Асанов орталық мем­ле­кет­­тік органдар үшін өткіз­ген­ семи­нардың үлгісі бойынша МӘС төрағаларына жергі­лік­ті басқармалар мен ведом­ство­лар басшыларына ӘРПК маңыз­дылығын түсіндіру міндеті қойылды. Олардың назары аза­мат­тардың проблемаларын то­лық және уақтылы шешудің ма­ңыз­дылығына аударылуы тиіс.

 

Наиль АХМЕТЗАКИРОВ,

Жоғарғы сот жанындағы

Соттардың қызметін қамтамасыз ету

департаментінің басшысы