Экология • 15 Шілде, 2021

Көлсайдағы қар барысы

409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Көлсай көлдері» ұлттық паркіндегі фото­тұ­зақ­­қа тағы да қар барысы түсті. Бұған дейін де сая­бақта орналасқан фототұзақ «Қызыл кі­тапқа» енген жыртқышты бірнеше рет тіркеген.

Көлсайдағы қар барысы

Парк ақпаратына сүйенсек, аумағында тек 16 қар барысы бар. Жануарлардың саны тұрақтылықты көрсетеді.
Естеріңізге сала кетейік, қар барысы (Uncia uncia Schreber, 1775) Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Біздің елде 120-130 қар барысы мекендейді, әлемде 7 мыңнан аспайды.
Фототұзақ – жыртқыштардың санын есепке алу мен бақылаудың заманауи әдістерінің бірі болып табылады.

«Егемен-ақпарат»

Соңғы жаңалықтар