Үкімет • 22 Шілде, 2021

Үкімет басшысы Маңғыстау облысына барды

756 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Асқар Мамин Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Үкімет басшысы Маңғыстау облысына барды

Өңірге сапары барысында Үкімет басшысы облыс әкімі Серікбай Трұмовтың өңірде мал шаруашылығы саласында қалыптасқан жағдай және құрғақшылықтан зардап шеккен аудандарды жемшөппен қамтамасыз ету бойынша жүр­гізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндамасын тыңдады.

Облыс әкімінің дерегінше, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай секілді көршілес облыстардан шөп жеткізу және өткізу жолға қойылған. 1200 тоннадан астам арпа әкелінді, олар фермерлерге нарықтық бағадан төмен бағамен сатылды. Үкімет Маңғыстау облысында малдың аналық басына арналған азыққа жұм­салған шығындарды ішінара өтеуге 1,9 млрд теңге бөлді. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша фермерлік шаруашылықтарға қолжетім­ді бағамен көлемі 114,7 мың тонна дайындалған шөп­ті сатып алу және жеткізу үшін тұрақтандыру қорын қалыптастыруға, сондай-ақ «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ арқылы 56,3 мың тонна жемшөп (кебек) сатып алуға қосымша қа­жет­ті қаражат бөлінеді.

Бұдан кейін Премьер-Министр Асқар Мамин Қазақ­стандағы алғашқы TETYSBLU тақырыптық паркінің ашылу рәсіміне қатысты. Объект Ақтау қаласының туристік аймағында орналасқан, онда BluPower, Watermania, Snorri сынды Орталық Азияда теңдесі жоқ аттракциондар және 30-дан астам бірегей аттракцион бар.

Үкімет басшысы Ақтау қаласының туристік аймағын дамыту жобалары қалай жүзеге асырылып жатқанын тексер­ді. Атап айтсақ, гольф клубы, сауда қатарлары, виллалары мен апартаменттері бар Hilton және Fairmont брендтерінің қонақ үйлері, Aqualina Resort. Қыркүйек айында гольф клубының, сауда қатарлары­ның, виллалар мен Fairmont қо­нақүйі­нің құрылысы аяқталады деп жоспарланған.

Сондай-ақ А.Мамин осы жылдың қазан айында аяқ­талуға тиіс туристік ай­мақ­­тың тыныс-тіршілігін қам­тамасыз етуге арналған, ұзындығы 49 км қосымша су таратқыштың және ұзындығы 33 км КТҚ-1-ден КТҚ-2-ге дейінгі қысымды кәріз коллекторының құры­лысымен танысты.

Премьер-Министр жос­пар­ланған ны­сандардың және көлік, инженерлік-ком­­­­му­­ни­кациялық инфра­құ­­ры­лы­мы­ның құ­рылысын уақтылы аяқтауды тапсырды.

Премьер-Министрге өңір­дегі балық шаруашылығын да­мы­ту, оның ішінде бекіре тұ­қым­дас балық түрлерін өсіру зауыты құрылысының перс­пективалық жобалары, Кас­пий теңізінде балық аулауды ұйымдастыру туралы баяндалды. Сонымен қатар А.Мамин ба­лық жемін өндіру және отыр­ғызу материалын өндіруге арналған инкубациялық цехты құруды қоса алғанда, жылына 30 мың тоннаға дейін балық өсіру және қайта өңдеу бойынша заманауи технологияларды енгізе отырып, «Інжу Маржан» шығанағында балық өсіру кешенін құру жобасымен танысты.  «Ақтау теңіз порты» АЭА-да Үкімет басшысына жұмсақ қаптама ыдыс, полимерлік қаптама, сорғы штангалары мен муфталар, каустикалық сода және құрамында хлоры бар өнімдер және т. б. өндіру жөніндегі ин­вестициялық жобалар таныс­тырылды.

Премьер-Министр «Құ­рық» паром кешенін және «Ақтау» теңіз портын да аралап көрді. Мұнда Қазақстанның транзиттік-көлік әлеуетін дамыту мәселелері сөз болды. Атап айтқанда, жүктерді ауыс­тырып тиеу қуаты жылына 6 млн тоннаны құрайды. 

Үкімет басшысы ұзындығы 24 шақырым болатын Ақтау-Әуежай бірінші санаттағы автомобиль жолының салыну барысын, сондай-ақ ұзын­дығы 4,5 шақырым болатын «Хонда» орталығынан Өмір­зақ ауылының Т-тәрізді қиылысына дейінгі қалалық автомобиль жолын реконструкциялау барысын тексерді. Аталған учаскелердегі барлық жұ­мыс түрін толық аяқтау биыл­ғы жылдың бірінші қыр­күйегіне жоспарланған.

А.Мамин «Транстелеком» АҚ Деректерді өңдеу орта­лығының жұмысымен де та­нысты. Жоба құны – 6,8 млрд теңге. Орталық Tier III дең­гейінің қауіпсіздік және сенім­ділік стандарттарына сәй­кес келеді. Осындай ор­та­лықтар Қазақстанның 9 қала­сында: Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Қарағанды, Жез­қазған, Қызылорда, Нұр-Сұлтан және Алматы шаһа­рында бар. Деректерді өң­деу орталықтары клиенттік сер­вер­лердің үздіксіз қыз­метін қамтамасыз етуге, цифр­ландыруды енгізуге техно­логиялық негіз бола алады.