Білім • 25 Тамыз, 2021

Педагогтердің 90%-ы вакцина салдырды

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда педагогтердің 90 %-ы коронавирусқа қарсы вакцина алды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрінің штаттан тыс кеңесшісі, Нархоз университетінің президенті Мирас Дәуленов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Педагогтердің 90%-ы вакцина салдырды

«Жоғары оқу орны қызметкерлері мен студенттердің вакцина алу шарты бар. Вакцина алған педагогтердің көрсеткішін 10 пайызға жеткізу міндеті тұр. Әрине бұл көрсеткішке медициналық тұрғыдан вакцина алуға болмайтын педагогтер кірмейді. Қазіргі вакцина алу үрдісі жақсы жүріп жатыр. Барлық өңірді қоса алғанда педагогтердің 90 пайызы вакцина алды. Студенттер мен оқытушылардың және оқушылар мен мұғалімдердің денсаулығын қорғау мақсатында вакцина алу маңызды», деді Мирас Дәуленов.

Одан бөлек, дәріс кезінде студенттер мен оқытушылар маска тағу режімін сақтауы тиіс.

«Біз дәстүрлі оқу форматына көше отырып, эпидахуалды 2020 жылғы 16 наурыздағы жағдайға жеткізбеуіміз керек. Пандемия кезінде біраз қызмет цифрландырылды. Атап айтсақ, жатақханаға тұруға өтініш беру, түрлі анықтамалар және сол сияқты шаруаларды онлайн іске асыруға болады. ЖОО-ы пандемия кезіндегі тәжірибелерін тиімді қолдануы тиіс. Студенттерді дәстүрлі оқу форматына көшіруде Үкімет маңызды шара қабылдады деп ойлаймын. Дегенмен бұл қашықтан оқу форматы қысқарады деген сөз емес, керісінше қашықтан оқу сапалы білімге қолжетімділікті арттырады», дейді ол.