Қазақстан • 22 Қараша, 2021

ҮЕҰ өкілдерімен өткен 16 кездесу

190 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында X Азаматтық форум қарсаңында 12-19 қараша аралығында министрліктер мен агенттіктер басшыларының азаматтық қоғам өкілдерімен 16 салалық онлайн-кездесуі өтті.

ҮЕҰ өкілдерімен өткен 16 кездесу

Бұл – Елбасы бастамасымен Қазақ­стан­ның алғашқы Аза­маттық форумы өткізілген 2003 жылдан бастап орта­лық мем­лекеттік органдардың бірінші бас­шылары мен аза­маттық қоғам қа­тысушыларының та­қырыптық кездесу­лерінің рекордтық саны.

ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл мемлекеттік ор­ган­­дарға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев баста­ма­­шылық еткен «Халық үніне құ­лақ асатын мемлекет» тұжы­рым­­дамасын іске асыруда ха­лық­­тың өзекті мәселелерін жедел шешуге және әрекет етуге мүм­­кіндік береді.

Онлайн-кездесулер Ақпа­рат және қоғамдық даму минис­трлігінің Facebook әлеумет­тік желісіндегі арнайы парақ­шасында тікелей эфирде көр­сетілді. Министрлер, агенттіктер төра­ғаларының, вице-министр­лердің 16 кездесуінің онлайн-форматы Қазақстанның барлық өңірінен 1000-нан астам аза­маттық қоғам өкілін (ҮЕҰ, бизнес, БАҚ, квазимемлекеттік сектор) тір­кеуге мүмкіндік берді, олар өздерін тол­ған­дыратын сұрақ­тарды тікелей қоюға мүм­кіндік алды. Facebook-тегі тікелей эфирлерді қамту шамамен 4000 қаралым болды.

Жалпы, министрліктер мен агент­тік­тердің бірінші басшыларымен кезде­сулердің барысында сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл, денсаулық сақтау, экология, білім беру, азық-түлік қауіп­сіздігі, қылмысқа қарсы күрес, цифрлы технологияларды пайдалану және т.б. салаларда мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы бойынша мәселелер талқыланды.

Министрлер, агент­тіктердің төр­ағалары биыл ен­гізілген заңнамалық түзетулердің арқасында өз өкілеттіктерін кеңейткен қоғамдық кеңестер жұмысының маңыздылығын танитыны маңызды.

Естеріңізге сала кетейік, X Азаматтық форум Нұр-Сұлтанда 22-24 қарашада онлайн форматта басталып, Алматыда 25-26 қарашада офлайн форматта жұмысын жалғастырады.

Форумның іс-шаралары демо­кра­тиялық процестерді дамыту, Қазақ­стан­да БҰҰ-ның Орнықты даму мақсат­тар­ын іске асыру мәселелеріне, сондай-ақ қо­ғамның, мемлекет пен бизнестің оларға қол жеткізудегі негізгі міндеттеріне арналады.