Аймақтар • 18 Қаңтар, 2022

Алматы комендатурасы 18 қаңтардағы жағдайды мәлімдеді

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы комендатурасының баспасөз қызметі қала бойынша 18 қаңтардағы жағдайды мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы комендатурасы 18 қаңтардағы жағдайды мәлімдеді

Жедел мәлімет бойынша, бір тәулік ішінде 147 күдікті ұсталған. Терроризмге қарсы операция басталғаннан бері заңсыз шеруге, тонауға және басқа да қылмыстарға қатысқан 2 748 адам құрықталды.

Барлығы 131 атыс қаруы мен 4 179 оқ-дәрі тәркіленді.

Кейінгі тәулікте «102» пультіне 437 хабарлама келіп түсті.

Комендатураның Call-орталығына жедел әрекет етуді талап еткен азаматтардан 41 хабарлама түскен. Барлық хабарлама тексерілген.