Қазақстан • 08 Наурыз, 2022

Құтқарушы қыздар

387 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Әйелдер қауымының егеменді елдің дамуы мен қалыптасуына қосқан еңбегі зор. Олар өз мансабын тек білім, ғылым, өнер, саясатта ғана емес, сонымен қатар күш құрылымдарында да көрсете білді.

Құтқарушы қыздар

Коллажды жасаған Амангелді Қияс, «EQ»

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бір сөзінде «ХХІ ғасырда әйел, бір жағынан, сұ­лу­­лық пен ізгіліктің бейнесі бол­са, екінші жағынан, тұтас еліміздің дамуына ұйытқы болып отыр. Бір сөзбен айтқанда, ару­ларымызға тән ғажайып үй­ле­сім, айрықша ұмтылыс, әр іске деген шығармашылық көзқарас, еңбекқорлық пен жауапкершілік – ұлтымыздың жаңа болмысын нығайтатын қасиеттер!», деп тү­йін­деген болатын.

Құтқарушы – батылдықты талап ететін, ауыр әрі жауапты ма­мандық. Десе де Төтен­ше жағ­дайлар министр­лігі жүйе­­­сінде күрделі және жа­уап­ты техникалық және ұйым­дас­тырушылық міндет­тер­ді орын­дайтын, басқару және қам­­тамасыз ету органдарында жұ­мыс істейтін әйелдер де қыз­мет етеді. Ерлермен қатар ТЖ салдарын жоюға, құтқару жұ­мыс­­тарына жетекшілік етуге шығады. Өйткені ТЖМ жүйе­сін­де сүңгуір, ұшқыш, диспетчер әйелдер қызмет етеді. Олар тек қызмет етіп қана қоймай, ер­лермен бірге ерлік көрсетеді.

Бүгінде азаматтық қорғау орган­дарында 3 129 әйел қызмет атқарады, олардың ішінде әскери қызметшілер мен аттестатталған әйелдер саны – 1 363, әкімшілік мемлекеттік қызметшілер саны – 231, азаматтық қызметшілер саны – 15 351, әйелдердің орташа жасы 39 жасты құрайды.

ТЖМ жүйесіндегі қызмет нә­зік жан­дылар үшін күрделі, қы­зық­ты әрі игілігі мол. Олар­дың арасында ерлерге тән емес маман­дықтарда қыз­мет ететін әйелдерді атап өту қажет. Мысалы, жедел-құтқару жасақтарында 74 әйел-құт­қарушы, 4 әйел-кинолог, аза­маттық қорғаныс және өнер­кә­­сіптік қауіпсіздік желісі бо­йынша объектілерді тексеруді жүзеге асыратын 77 инспектор, 810 әйел-диспетчер, 58 әйел медицина қызметкері, 57 әйел-психолог бар.

Төтенше жағдайлар министр­лі­гінің қызметкерлерінің сауатты іс-әрекеттері түрлі төтен­ше жағдайларды жою іс-әре­кет­­терінде шешуші мәнге ие. Айта­лық, кинолог Ольга Гуржее­ва – Республикалық жедел-құтқару жасағының кинологиялық бө­лі­мінің басшысы. Жасақта 16 жыл жұмыс істейді. Ольга Алек­сан­дровна авариялық-құтқару, таулы жерлердегі, жетуі қиын аудандардағы іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысу, соның ішінде көшкіндерден адамдарды іздеу, үйінділерден, әуе апаттары орнынан зардап шеккендерді іздеу жұмыстарына қатысады.

Ұшқыш Назель Нұрғалиева – ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ ЕС-145 екінші ұшқышы. 2016 жылы «Азаматтық авиация академиясы» АҚ-та ұшқыш маман­дығы бойынша бакалавр студенті болып қабылданды, 2021 жылы оқуын аяқтағаннан ке­йін жұмысқа орналасты. Назель Үсенқызы өз қызметінде са­ни­тарлық авиация желісі бо­йынша шұғыл түрде төтенше жағдай орнына ұшып, адамдарға көмек береді. Бүгінде оның ұшу уақыты 230 сағатты құрайды, оның 130 сағаты ЕК ӘК-145-де орындалды.

Құтқарушы Муршида Шол­нова – Солтүстік Қазақстан об­лысы Төтенше жағдайлар де­пар­таменті Жедел-құтқару жасағының медбикесі. Муршида Анваровна еңбек жолын 2012 жылы бастады, ал мейірбике қызметінде 35 жылдан астам уақыт жұмыс істеді. Жұмыс істе­ген кезеңінде ол бірнеше рет өрт, су объектілеріндегі оқи­ғалар, хабар-ошарсыз кет­кен­дерді іздеу кезінде шұғыл ден қою іс-шараларына қатыс­ты. ТЖ-ға шыққан кезде жедел құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды атқарған.

Азаматтық қорғау подпол­ков­нигі, психолог Назира Ақылова – Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және ава­риялық-құтқару жұмыстары қыз­меті психологиялық тобы­ның бас маман-психологі, азаматтық қорғау органдарында 2008 жыл­дың қазан айынан бастап жұ­мыс істейді. 2021 жылғы 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймада болған жарылыс кезінде болған қайғылы оқиға кезінде өзінің жоғары кәсібилігін көрсетті. Қайғылы оқиға туралы қаза тапқан өрт сөн­дірушілердің туыстары мен жақындарына хабарлауға мәжбүр болды. Ол барлық отба­сына психологиялық көмек көр­сетіп, қолдау білдірді. Назира Абдрасылқызы әрдайым ТЖ орын алған оқиғалар, күрделі өрттер кезінде өзінің кәсіби борышын орындап келеді.

ТЖМ жүйесінде мамандық таңдайтын әйелдер әулеттің жал­ғасуына, тұрақтылығына, әлеу­­меттік қауіпсіздігіне, ма­ман­­дықтың әлеуметтік ма­ңыз­дылығына байланысты ма­ман­дығына ынталы. Қазіргі уа­қытта өрт сөндірушілер мен құт­қару­шылардың әулетін жалғастыратын әйелдер саны – 71. Негізгі жұмысымен және қызметімен қатар әйелдер өрт-құтқару спортымен айналы­са­ды. Олардың арасында әртүрлі республикалық және халық­аралық жарыстарда жүлделі орын­дарға ие болған осы спорт тү­рімен айналысатын чемпиондар мен рекордшылар бар. Солардың бірі, ха­лық­аралық дәрежедегі спорт шебері Айнұр Бажева ТЖМ жүйесінде 2018 жылдан бастап Қостанай облысының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде радиотелефонист болып жұмыс істейді. Оның кәсібилігі, жеделдігі және тез ше­шім қабылдау қабілеті өрт пен басқа да төтенше жағдайларды жоюда шешуші рөл атқарады. Сонымен қатар Айнұр Дос­мағұл­қызы өрт сөндіру-құтқару спортында үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Оның есебінде Қазақстанның қысқы және жазғы чемпионатының алтын медалі, Республикалық фе­дерация кубогының жеңісі, Әлем чемпионатындағы жақсы нәти­жеде өнер көрсетуі бар. Соны­мен қатар ол өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем рекордшыларының тізіміндегі ондыққа кіріп, өзін болашағы жар­қын спортшы ретінде көр­сет­ті.

Кинолог, ұшқыш, құтқа­ру­шы, медик әйелдер, инспектор, диспетчер – яғни аталған салада нәзік жандылар меңгермеген кәсіп жоқ. Олар кез келген істі дөң­гелетіп әкетеді. Төтенше жағ­дай саласындағы қызметте ерекше табыстарға жеткен әйел­дер жетерлік. Оған олардың атқа­рып отырған басшылық лауазымдары, атақтары дәлел бола алады. 2021 жылы басшылық лауазымда қызмет атқарып, шешім қабылдайтын әйел адамдардың саны 140-ты құрады. Осы нәзік жандылардың 90-ы – көпбалалы ана, олардың 4 және одан да көп балалары бар. 84 әйел қатардағы маманнан басшылық құрамға дейінгі лауазымда мансап жолын жалғады. 82 әйел осы жүйеде 20 жылдан астам уақыт бойы қызмет атқарады.

Жалпы, ТЖМ жүйесіндегі жұмыс ұйымшылдықты, ат­қа­рушы­лықты, жауапкер­ші­лік­ті, адалдықты талап етеді. Әрбір мамандықтың өзіне тән қиын­дықтары болады. Дис­пет­чер­лерде – үш тәулік сайынғы кезекшілік, қауырт және жа­уап­кершілік жағдайында жұ­мыс істеу, өрттің алдын алу өзекті болса, бөлімшенің ин­же­­­нерлерінде – күзетілетін объектілерді инспекциялау, пси­­хо­­логтерде – оқиғалар аума­ғын­­дағы адамдарға шұғыл пси­хо­­логиялық көмек көрсету сияқ­ты жедел іс-әрекеттерді орындау қажет. Мұның бәрі, тіпті ер-азаматтар үшін де қиын іс. Сондықтан қызметтік парыз­ға адалдық, мамандыққа деген сүйіспеншілік, мінездің қат­тылығы және елгезектік құт­қару ведомствосының қыз­мет­кер­леріне өздерінің қиын да күр­делі жұмыстарын лайықты орындауға мүмкіндік береді.