Елімізде кадр тапшылығы бар өңірлерге үздік мұғалімдерді тартуға арналған арнайы бағдарламаға қатысу үшін құжат қабылдау жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алғашқы аптада 800-ден астам мұғалім өтініш берген. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдер тапшылығы немесе білім сапасы нашар өңірлерге үздік мұғалімдерді тарту үшін арнайы бағдарлама әзірлеген болатын.
Мұндай мәселе Түркістан, Атырау, Маңғыстау және Алматы облыстарында байқалады. Бұл өңірлерде математика, физика, химия, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі мұғалімдері тапшы. Үздік педагогтерді тартуға арналған арнайы бағдарламада мұғалімдерді қолдауға бағытталған шаралар кешені бар.
Атап айтқанда, лауазымдық жалақының 250% мөлшерінде ынталандыру төлемдері, оның ішінде жалақыны көтеру, тұрғын үйді жалдау ақысын және коммуналдық төлемдер шығынын өтеу қарастырылған.
«Арнайы бағдарламаға қатысу үшін құжаттар 2022 жылғы 21 шілдеге дейін қабылданады. Алғашқы аптада педагогтерден 800-ден астам өтініш түсті. Қажетті құжаттар тізімі жергілікті атқарушы органдардың және НЗМ ақпараттық ресурстарында орналастырылған. Жалақыға қосылған үстемеақыға жалдамалы тұрғын үй мен коммуналдық төлемдерді өтеу кіреді. Сондай-ақ арнайы бағдарлама бойынша төрт облыстың біріне қоныс аударған педагогтің балаларына балабақша мен орта мектептерден орын беріледі. Сондай-ақ конкурстан өткен мұғалімдермен 5 жылға еңбек шарты жасалады», деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.
Байқауға қатысу үшін өтінішті облыстың білім басқармасына беруге болады. Конкурсқа тиiстi бейiндер бойынша жоғары педагогикалық, жоғары кәсiптiк бiлiмi бар, «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» бiлiктiлiк санаттары бар мұғалімдер, сондай-ақ оқу үлгерiмi жақсы жоғары оқу орындарының педагогика мамандықтарының түлектерi қатыса алады.
Конкурс екі кезеңнен тұрады: компьютерлік тестілеу және эссе жазу, сонымен қатар әңгімелесу.
Тестілеу мен эссе жазу үміткердің таңдауы бойынша компьютер форматында қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде өтеді. Ол еліміздің 17 аймағындағы НЗМ базасында жүзеге асырылады. Негізгі пән бойынша тест 25 тапсырмадан тұрады, ал эссе көлемі 350 сөз.
Құжаттарды қабылдау туралы қосымша ақпаратты өңірлердегі Call-орталық мамандары мен Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің сайтынан алуға болады.
Рыбакина Цинциннати турнирінің үшінші айналымына шықты
Теннис • Бүгін, 10:30
Елімізде 622 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды
Қоғам • Бүгін, 10:17
БҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03
Еліміздің бірнеше өңірінде үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 09:43
Данилина Цинциннати турнирінің екінші айналымына шықты
Теннис • Бүгін, 09:28
Вакцина салдырғандар саны артты
Коронавирус • Бүгін, 09:17
1227 қазақстандық індеттен сауықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Өткен тәулікте 1169 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:01
Елордалықтарды жылы әсерге бөледі
Театр • Бүгін, 08:48
Спорт • Бүгін, 08:47
Спорт • Бүгін, 08:46
Спорт • Бүгін, 08:45
Спорт • Бүгін, 08:43
Аймақтар • Бүгін, 08:43
Қоғам • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:38
Спорт • Бүгін, 08:37
Музейге тарту еткен жәдігерлер
Таным • Бүгін, 08:35
Әдебиет • Бүгін, 08:33
Алла үйіне «алуға» баратындар азаяр емес
Қоғам • Бүгін, 08:30
Қоғам • Бүгін, 08:28
Қолдау деп осыны айт: Жас кәсіпкерлер 1,5 млн теңгенің грантына ие болды
Бизнес • Бүгін, 08:25
Қоғам • Бүгін, 08:23
Қоғам • Бүгін, 08:21
Әскери ойындардағы алғашқы жеңістер
Қазақстан • Бүгін, 08:18
Саясат • Бүгін, 08:15
Балалар демалысына 130 миллион теңге бөлген
Қоғам • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өзге тілді сыныптарда қазақ тілі қалай оқытылады?
Білім • Кеше
Аймақтар • Кеше
Щучинск қаласы Абылай хан атана ма?!
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Қанағатпен өмір сүретін шенеунік қайда?..
Қоғам • Кеше
Абай ілімін ашу – рухани кемелденуге апарар жол
Абай • Кеше
Экономика • Кеше
Экономика • Кеше
Көпбалалы аналардың қолдаушысына айналған орталық
Аймақтар • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар