Ауа райы • 18 Қыркүйек, 2022

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет мамандары 19 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыс орталығында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қызылордада солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында 2 градус үсік жүреді. Облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Семейде түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман болады. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 2 градус үсік күтіледі. Өскеменде түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.