Қоғам • 01 Қараша, 2022

Қалдықты қажетке жарататын кешен

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жасыл даму» АҚ қатты тұрмыстық қалдық­тарды бөлек жинаудың инфрақұрылымын дамыту жобасы аясында Өскеменде заманауи сұрыптау желісі іске қосылды. Кешеннің ресми ашылуына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов және Грекияның «Sabo» компаниясының өкілдері қатысты.

Қалдықты қажетке жарататын кешен

Қазақстанда алғаш рет іске қосылып отырған заманауи кешеннің жылына 100 мың тонна қалдықты сұрыптайтын мүмкіндігі бар. Автоматты сұрыптау жабдығының құны 2 660 000 еуроны құрайды. 2020 жылдың желтоқсанында сұрыптау желісін жеткізуге арналған үшжақты келісімге сәйкес құрылғыларды «Sabo» компаниясы – орнатушы, «ӨКМ Операторы» – қаржыландырушы және Өскемен қаласының әкімі жабдықтарды қабылдаушы ретінде мәміле жасалған болатын.

Бүгінгі таңда «Жасыл даму» АҚ «ӨКМ Опе­раторы» кезінде қолға алынған міндеттемелер кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.

Айта кету керек, тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мен сұрыптау жүйесін енгізу жобасының жол картасы аясында Өскемен қаласына 1 274 бірлік еуро контейнер, қалдық шығаруға арналған арнайы 6 техника сатып әперілген болатын.