Саясат • 02 Қараша, 2022

Цифрландыруға нық қадам

83 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттіктен үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штабтың мүшелері Шығыс Қазақстан облысында еңбек ұжымдарымен, көпбалалы аналармен, бизнес-қоғамдастықтың және этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті.

Цифрландыруға нық қадам

Облыстағы этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары қазіргі таңда мемлекеттілікті нығайту үшін бекем бірліктің маңызы зор екенін айтты.

«Соңғы үш жарым жылда еліміз түрлі сынақтармен бетпе-бет келді. Кездескен қиындықтың бәрін еңсеріп, халқымыздың бірлігі одан әрі нығая түсті. Ішкі саяси тұрақтылық, этносаралық келісім, мызғымас мемлекеттік егемендік және еліміздің аумақтық тұтастығы қуатты Қазақстан құрудың негізі. Сондай-ақ бұл жолда ұлттық мүдде мен азаматтық патриотизмді қорғаудың маңызы зор. Алдағы уақытта бәріміз бірге қуатты Қазақстан құруды жалғастыра береміз деп сенемін», – деді республикалық қоғамдық штаб делегациясының басшысы Мәулен Әшімбаев.

Жас ІТ мамандармен кездесуде штаб мүшелері үміткердің сайлау алдындағы бағдарламасына тоқталып, ондағы цифрландыру саласына қатысты басымдықтарға назар аударды. Сонымен қатар штаб өкілдері бизнес саласындағы жергілікті сарапшылармен және кәсіпкерлермен бірге осы бағыттағы бюрократиялық қысымды төмендету шараларын талқылады.