Саясат • 03 Қараша, 2022

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевтың сайлауалды бағдарламасы

303 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевтың сайлауалды бағдарламасы

Қазақстандағы қазіргі сайлау науқаны тез өзгеріп жат­қан әлем аясында, сонымен бірге республикада өрбіген қоғамдық саясат дәуірі бел­гісімен өтуде. Еліміз ішкі келі­сім мен бейбітшілікке деген дәс­түрлі ұстанымды, сондай-ақ сырт­қы кеңістіктегі жұмсақ шы­­ғар­ма­шылық дипломатияны жақ­тайды.

Адамзат өркениетінің дамуы бұдан бөлек, бізден қазіргі заманғы сын-қатерлерге, техно­логиялық прогреске және нарық­тық бәсекелестіктің қуатты өсуіне сәйкесінше ден қоюды талап етеді. Қазақстан Респуб­ликасы Пре­зидентінің сайлауы қоғамымыз бен мемлекетімізді одан әрі дамыту үшін уақтылы және қажетті шешім болғаны сөзсіз.

Бүгінгі күн шындығының ора­сан зор әлеуетін пайдаланып, соңғы онжылдықтарда рес­пуб­ликаның сая­си, әлеуметтік және экономикалық өмірінде жинақталған өзекті мәселелерді шешетін кез келді. Мен де, кандидатурамды ұсынған «Ауыл» партиясы сияқты, осы тарихи мүмкіндікті барынша пайдалануға ниеттімін!

Менің сайлауалды бағ­дар­ла­мам:

- дала демократиясының прин­циптері;

- жоғары рухани-адами мә­дениет;

- қуатты аграрлық сала және бақуатты өңірлер тәріз­ді біздің басты ұлттық артық­шы­лық­тарымызды барынша іске асыруға негізделген жаңа Қазақстанды құруға бағытталған.

Ата-баба мұрасын қастерлей құр­мет­тейтін және ұлт болашағы үшін бар пейілімен алаңдайтын әрбір қазақ­стандық менің бастамаларымды қол­дайтынына және Қазақстан Респуб­ли­касын одан әрі дамыту жолындағы ортақ істе қозғаушы күшке айналатынына сенімдімін.

Дала демократиясы – әділетті Қазақстан кепілі!

Қазақстан – адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің бірегей және өзіне ғана тән жүйесі бар көшпелі өркениеттің тарихи орталығы. Демократия қағидаттары көшбасшылар сайлауы ашық, бейбіт және жоғары бәсекелестік жағдайында өткен қазақ хандығы кезеңінде басталды. Қазіргі жағдайда мұндай саясат оның негізгі үш компоненті:

- Мемлекет басшысының праг­матизмі;

- оны қоршаған ортаның дана­лығы;

- азаматтық қоғамдағы әділет­тілік үстемдігі сақталуын, ең бас­ты­сы сауатты үйлесімін қамтуы керек. 

Қаңтар айындағы қайғылы оқи­ғалар жалпыға ортақ игіліктерді бөлудегі жалпы әділетсіздік пен билікке жақын байлар және кедейлер мен қарапайым халық, қала мен ауыл арасында үлкен алшақтықтың пайда болуына байланысты болғанын білеміз.

Авторитарлық жүйе қоғамда мемлекетті басқарудың мүлдем жаңа формациясын құруға деген ұмтылысты оятты.

Сондықтан мен:

  1. Еліміздің негізгі заңы – Қа­зақстан Республикасы Конс­титуциясының басты қағидаты – билік халыққа тиесілі дегенді сөз емес, іс жүзінде жүзеге асыруға;
  2. Еңбек адамының рөлі мен маңыздылығын арттыруға, мұғалім, дәрігер және Отан қор­ғаушы мамандығын қастер­леуге, қызметкерлердің осы санат­тарының еңбекақы деңгейінің қазіргі қажеттіліктен кем емес болуын қамтамасыз етуге;
  3. Ауылдың өндірістік, әлеу­меттік және инже­нерлік инфра­құ­рылымын дамыту бағдар­лама­ларын іске асыру арқылы орталық пен өңірлер арасында ортақ игіліктерді тең және әділ бөлуге;
  4. Бюджеттік жоспарлау про­цесінің, ұлттық және квази­мемлекеттік компаниялар қыз­метінің, Ұлттық қорды және зейнетақы активтерін басқарудың барынша ашық болуына;
  5. Мемлекетті басқару ісінде бұ­қаралық ақпарат құралдарының, пікір көшбасшыларының, қоғам қай­раткерлерінің, мәдениет, ғы­лым және білім қайраткерлерінің ықпал ету саласын кеңейтуге жә­не мәртебесін арттыруға;
  6. Біздің күшіміз бейбітшілік пен тату көршілікте. Әлемдік қо­ғамдастықтың дәстүрлі ұлттық қонақжайлылықты Қазақстанның әлсіздігі емес, жағымды бейнесінің негізі ретінде қабылдауына ҚОЛ ЖЕТКІЗУГЕ ТЫРЫСАМЫН.

Жоғары мәдениет – қоғамды жаңарту негізі!

Қазақстанның жоспарлы экономи­кадан кетуі қоғам білімнің, шығар­машылықтың, еңбектің ашық бәсе­ке­лестік жағдайларына тез бейімделуіне жағдай жасады. Жағдайдың түбегейлі өзгеруі саясатта да, әлеуметтік салаларда да құрылымдық реформалар жасады.  Мұндай күрт өзгерістен қоғамның рухани-адами мәдениеті мен санасында көптеген олқылық, теріс салдар пайда болды. Ол адамдардың белгілі бір бө­лігінің «жеңіл ақшаға» деген шамадан тыс құштарлығын арттырды. Нәтижесінде ол көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқор­лық­тың артуына, бағаның негізсіз өсуі мен шенеуніктердің әрекет­сіздігіне, тәуелділік пен тұтыну­шылық көзқарастың пай­да болуына, жастардың әлеу­мет­тік желілердегі әдепсіз мінез-құлқы және тағы басқа жағым­сыз­дықтарға әкелді.

Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы күресте (зұлымдық тамыры) мемлекет жасаған түрлі әре­кет, мысалы, жалақыны көтеру немесе қылмыстық жазалау шараларын қатаңдату айтар­лықтай нәтиже бермеді, керісін­ше, қылмыскерлердің жаңа жағ­дай­ларға бейімделуін арттырды. Кәсіпкерлер мен халық арасында сыбайлас жемқорлық пен көлең­келі экономиканың салдары туралы сапалы түсіндіру жұмыстары жүргізілгеніне қарамастан, пара беру және теріс пиғылды кәсіп­керлікке немқұрайды қарау жойылар емес. Мұнда шешімді күрестің жүйесінен немесе тәсілдерінен емес, адамдардың өзінен, олардың рухани-адами тәрбиесінен іздеу керек.

Сондықтан мен:

  1. Тәрбиелі, ар-ожданды, адал, әділ адамды қалыптастыру факторы ретінде отбасы институтының рөлін қалпына келтіруге және ең жақсы экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауға;
  2. Еңбекқорлықты, жауап­кер­шілікті, аға буынға құрмет көр­сетуді, ойлау еркіндігін, ұлттық дәстүрлер мен рухани құнды­лықтарды сақтауды сіңіруге баса назар аудара отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен мектепте білім берудегі тұжырымдамалық тәсіл­дерді өзгертуге;
  3. Мемлекеттік тілдің мәрте­бесін оның іс қағаздарын жүр­гі­зудегі фор­мальді қолданылуын жоюға, адам өмірі­нің барлық саласына терең енуіне жәрдемдесу арқылы арттыруға, сондай-ақ бұл жағдайда өзім үлгі болуға;
  4. Шет елдердегі қазақтардың ұлттық бірегейлігін сақтау үшін жағ­дайларды жақсартуға және оларды тарихи отанына қайтару кезінде қажет болатын материал­дық және моральдық қолдау көрсетуге;
  5. Қазақстанның басты бай­лығы – ді­ни көзқарастар бос­тан­дығын, ұлтаралық келісім мен халықтар досты­ғын баға­лауға ҚОЛ ЖЕТКІЗУГЕ
    ТЫРЫ­САМЫН.

Бақуатты ауыл – қуатты мемлекет!

Мұнай, металл және басқа да табиғи ресурстарды экспорттай отырып, біздің ел валюта құнына қатты тәуелді «шикі­зат шылауына» айналды. Бұдан бөлек, Қазақстан өз шикізаты бола тұра өз халқын қолжетімді отынмен және энергетикалық ресурстармен қамта­масыз ете, халық тұтынатын қарапайым тауарлар өндірісін жолға қоя алмады. Жыл сайын бағасы көтерілген импортпен бірге инфляция өсіп отыр.

Үкімет экономиканың драй­вері бола алатын аграрлық сала­ның әлеуетін елемейді. Сонымен қатар билік агро­өнер­кәсіптік кешеннің әлеуетін ашу үшін бізде барлық қажетті алғышарт – тәжірибелі және білікті кадрлар, кең ауыл­ша­руа­шылық алқаптары, кен орын­дары мен су ресурстарының қомақты қоры, экспорттық нарық­тардағы сұраныс бар екенін жақсы біледі. Бүгінгі таңда АӨК экономиканың барлық саласы үшін муль­тип­ликатив­ті әсер беретін елді ин­дус­трия­лан­дырудың негізі бола алады.

Ауыл шаруашылығында 1 жұмыс орнын құру аралас салаларда 7-8 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Мен Қазақстан Респуб­ли­касын ала­­қандай жер де бос жатпайтын, егі­­летін, әр дастар­қан сапалы және баға­сы қолже­тімді отандық өніммен тол­­ты­рылатын аграрлық державаға ай­нал­дыруға нық бекіндім. Сол себепті мен:

  1. Агробизнесті құру және дамыту үшін мемлекеттік қол­дауда, жеңілдетілген кредиттеуде, фискалдық саясатта, ең­бек на­рығында, стартаптарды ын­­та­­ландыруда, сондай-ақ жер, тех­никалық (отандық ауыл шаруа­­­шылығы машиналарын жасау­ды қалпына келтіру) және ақпа­раттық ресурстарды кедергісіз алуда ең жақсы жағ­дайлар жасай отырып, АӨК және ауылдық елді мекендер­ді жаңғырту жөніндегі ұзақмер­зімді ұлттық стратегияны заң деңгейінде қабыл­дауды;
  2. Соттар мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарында, сон­­дай-ақ экспорт елдерінде адал ауыл шаруашылығы тауарын өн­діру­шілер мен олар­дың қызмет­кер­лерін құқық­тық қорғау пай­да­сы­на прези­денттік кепілдік беруді;
  3. Оларға және олардың от­басы мүшелеріне қажетті әлеу­мет­тік қолдау кө­лемін қамтама­сыз ете отырып, ауыл ша­руа­шы­лығы еңбеккерлерінің мәрте­бесін арттыруды;
  4. Қала тұрғындарын коммер­циялық үстеме бағасыз азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету үшін мегаполис­терде, моно­қалаларда, облыс және аудан орта­лықтарында тұтыну қо­ғам­дары мен кооперативтер же­лісін құруды және дамытуды;
  5. Жеке инвестициялық қор­лар қызметін мемлекеттік ынталандыруды, АӨК пен ауылды инвестициялаушы салымшыларды сақтандыру мен кепілдік беруді ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕМІН.

Тапсырыс беруші: Ә.Ж.Қа­сым­­қанова. Мақала ақысы Қа­зақстан Республикасы Прези­­денттігіне кандидат Ж.Дай­ра­баев­тың сайлау қоры қаража­тынан төленді. Осы материалды шығарған ұйым, оны басып шы­ғарған жері және таралымы туралы мәлі­мет шығыс деректерінде көрсе­тілген.