Саясат • 10 Қараша, 2022

Қаржы қатаң қадағаланса...

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қаншалықты нәтижелі атқарылып жатқанын нақты айту қиын. Мемлекет қаржысына қол сұққан шенеуніктердің темір торға қамалуы мәселенің шешіліп жатқанын аңғартпаса керек. Проблеманың себеп-салдарымен күресу маңызды.

Қаржы қатаң қадағаланса...

Бұл туралы Қазақстан Республикасының пре­зи­денттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаев Астана қаласында өткен сайлаушылармен кездесуде айтты. Оның пікірінше, мемлекет алдында тұрған басты мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету. Ол үшін бірқатар саяси реформаны жүзеге асыру керек. Ре­формалардың бірі бюджет процедураларын жетілдірумен айқындалады. Әр елді мекенде өзіне тиесілі ашық бюджет жасақталып, нақты уақыт режімінде онлайн түрде мемлекет қаржысының қалай және қайда жұмсалып жатқандығы ашық көрсетіліп отыруы керек. Сондай-ақ кандидат орталық және жергілікті атқару органдарында барлық деңгейдегі депутаттар мен шенеуніктердің кіріс-шығысы туралы міндетті жария декларацияны шұғыл түрде енгізу қажет деп санайды.

Сонымен қатар Нұрлан Әуесбаев заңсыз баюға қатысты қылмыстық жауапкершілікті қатаңдатуды ұсынды. «Парақорлармен нәтижелі күрестің жалғыз жолы – осы», дейді ол.