Пікір • 18 Қараша, 2022

Серпін беретін жобалар

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда студенттермен және жас ғалымдармен кездесуі барысында еліміздің дамуы білімді жастардың болашағымен тығыз байланысты екенін атап өтті.

Серпін беретін жобалар

Атап айтқанда, Президент қала жас­тарына сапалы және қол­же­тімді білім беру мәселелеріне ерекше назар аудару қажеттігін айтты. Осы орайда Үкімет тарапы­нан бұл бағытта үлкен жұмыс­тар іске асып жатқанын және соң­ғы жылдары білім мен ғылым­ды дамытуда айтарлықтай ілгері­леу­шілік бар екенін атап өткім келеді.

Қазақстанда жаңа ғасырда техника мен ғылым саласы өте жоғары деңгейге көтеріледі деген сенім зор. Ғалымдардың ізденістері, ашқан жаңалықтары, өнер­тапқыштардың еңбегі мен жаңа­лықтары – кез келген мемлекеттің гүлденуінің кепілі. Сондықтан Президент ғылыми жаңғырудың жаңа толқынына дем бере отырып, осы жолдағы игі жобаларға жол ашып отыр. Жастар білімге бел­сенді ұмтылумен қатар техника тілі мен заманауи технология­ларды меңгеретіні сөзсіз. Әрине, озық идеялар мен стартап-жобалар­ды жүзеге асыру, жастарды білім мен ғылым жолына бағыт­тау, оларға бәсекеге қабі­летті болуға көмектесу педа­гог­тер мен ғалымдардан жоғары біліктілік талап етілетіні анық.

Елімізде педагогикалық білім бе­руді дамыту, сапалы кадрлар даярлау ба­ғытында да жауапты міндеттер тұр. Мемлекет басшысы қоғамды дамыту үшін педагогтердің рөлі, олардың мәртебесін көтеру туралы үнемі айтып, нақты шараларды назардан тыс қалдырған емес.

 

Дархан БІЛӘЛОВ,

Абай атындағы ҚазҰПУ басқарма төрағасы-ректор