Қазақстан • 24 Қараша, 2022

Мал дәрігерлерінің жалақысы 50 пайызға өседі

536 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылы ветеринарлардың жалақысы 50 пайызға өседі. Бұл туралы Сенат отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мал дәрігерлерінің жалақысы 50 пайызға өседі

«2023 жылдың 1 наурызына дейін біз Үкіметке ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасын енгіземіз. Ол 10 бағыттан тұрады. Әр бағыт үшін белгілі бір критерийлер бар. Ұлттық экономика министрлігі орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекеттерін үйлестіреді», деді Роман Скляр.

Бұл ретте, Роман Скляр ауыл шаруашылығын дамыту мәселелеріне тоқталып өтті.

«Егер ауыл шаруашылығы дамымаса, ауыл тұрғындарының өмірі түзетілмейді. Біз мұны жақсы білеміз. Бұл бағытта қандай жұмыс жасалды? Президенттің тапсырмасы аясында ветеринария саласы реформалануда. Реформалардың мақсаты - орталық пен өңірлер арасында міндеттерді бөлу, мал дәрігерлерінің мәртебесін көтеру, олардың жалақысы мен әлеуметтік қолдауын арттыру. Жыл соңында Парламентке тиісті заң жобаларын енгіземіз», деді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары.

Оның айтуынша, биыл ветеринарлардың жалақысы 50%-ға өскен. 2023 жылы олардың жалақысы тағы 35-50%-ға өседі.

«Ветеринарларға екі айлық сауықтыру жәрдемақысы төленеді. Сондай-ақ ветеринарияны цифрлық форматқа ауыстыру бойынша жүйелі жұмыс жасаймыз», деп толықтырды Роман Скляр.