Бүгінде еліміздің және әлемнің жетекші ғылыми орталықтарымен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, заманауи материалтану ғылымының жаңа бағыттарын белсенді түрде дамытуға кірістім.
Аспирантураны бітіргеннен кейін ғылыми қызметім Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ядролық физика институтында басталды.
Алғашында ықыласым ауды. DC-60 ауыр ионды үдеткіштің циклотрондық залы диссертациялық зерттеу тақырыбым бойынша зерттеулер жүргізу үшін тәжірибе алаңына айналды. Сол кездің өзінде, ал бұл 2006 жыл болатын, елімізде теңдесі жоқ технологиялық кешеннің зор әлеуеті айқын көрінді.
Алғашқы жылдары Ядролық физика институтының Астана филиалы қалыптасудың қиын кезеңін бастан кешірді. Физика-математика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Инженерлік академиясының және Халықаралық инженерлік академиясының академигі Қайрат Қадыржанов пен техника ғылымдарының кандидаты, Атом саласының еңбек сіңірген қайраткері Әділ Төлеушевтің қамқорлығында болдым. Көп тәлім алдым, тәжірибе жинақтадым.
Соның нәтижесінде, қазір трек мембраналарын әзірлеу және өзгерту, оларды ғылым мен технологияның ғылымды қажет ететін салаларында қолданудың ғылыми мектебінің іргесін қаладық. Трек (ядролық) мембраналар – тазартуды жүзеге асыратын сүзгілердің бір түрі. Олар сол циклотронда алынған полимерлі пленкалардан жасалған.
Бүгінгі таңда трек мембраналарына негізделген сүзгі материалдары мен металл наноқұрылымдарын құру коммерциялық жобасы аясында суды тазартуға арналған жеке сүзгілердің қолданыстағы өндірісі жұмыс істей бастады. Нәтижесінде, ғалымдар суды тазартуға арналған сүзгілерді өндіріске енгізіп, пайда тауып жатыр. Барлық зерттеу DC-60 ауыр иондық үдеткіште жүргізіледі. Бұл еліміздегі алғашқы сүзгілер, оларды дайындау үлкен шығындарды қажет етпейді. Бұл бағытта ғалымдарымыз әлі де тынымсыз жұмыстар жүргізіп жатыр.
Әрине, ғалым болу оңай емес. Ол үшін өз кәсібіңді құлай сүюің керек. Сонда ғана ғылым сіз үшін бүкіл әлемнің есігін ашады.
Арманымды болжау мүмкін емес шығар, сірә. Дегенмен мен мемлекетімізді әлемдік контексте пайдалы қазбалар қазынасы деп емес, бүкіл континенттегі және жалпы әлемдегі ғылымның флагманы ретінде көрсе екен деймін. Бұған шынымен де қол жеткізуге болады. Тек көп және үнемі жұмыс істеу керек.
Максим ЗДОРОВЕЦ,
Инженерлік бейіндегі зертхана жетекшісі, PhD