Әдебиет • 20 Сәуір, 2023

«Махаббат, қызық мол жылдарды» Әзілхан Нұршайықовтан бұрын кім жазған?

3069 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Махаббат, қызық мол жылдар» – Әзілхан Нұршайықовтың оқырмандар арасындағы аса оқылымды туындысы. Бірақ ең алғаш Ербол мен Меңтайдың трагедияға толы махаббат хикаясын Мұқан Иманжанов «Есеновтің тағдыры» әңгімесіне арқау еткен. Оның шығармасы 1955 жылы жарияланған. Ал Әзілхан Нұршайықовтың романы 1970 жылы жарық көрді.

«Махаббат, қызық мол жылдарды» Әзілхан Нұршайықовтан бұрын кім жазған?

Ә.Нұршайықов ол туралы өзі­нің М.Иманжановқа ар­­нап жазған естелік кіта­бын­­да айтады. Кітапта екеуара алмасқан хаттың со­ңын­дағы түсініктемеде: «М.Иман­жанов өзінің «Есе­нов­тің тағ­­дыры» деген әң­гі­­месін Ә.Нұр­шайықов бер­­­ген сюжетке негіздеп жаз­ған», дейді. М.Иман­жа­нов­­тың Ерболы – Есенов ға­шы­ғын ұмыту үшін фило­логия­дан медициналық инс­­титутқа ауысқан хирург об­ра­зында беріледі. Мең­тайы – Биғайша. Екеуі­нің қо­­­сылуына кедергі бол­ған оқи­ғалар әсерлі, қысқа баян­далады.

Бірақ бұл әңгіме ав­тор­дың көңілінен шық­паған. Өзінің Әзілхан Нұр­шайықовқа жаз­ған хатында былай дейді: «Айт­пақшы, әңгімеге берген кеңесіңе көп рахмет. Қазір жинақ дайын­дап жатырмын. Пікі­ріңді сонда мық­тап есепке аламын. Адам алғашында онша аң­ға­ра бер­мейді ғой, өзі (сол әң­гі­мені айтамын) тіпті нашар жазылыпты. Енді оқып, өзім қабақ шытып отырмын. Бірақ қазір кеш. Бір түртіп қалған соң, оны-мұны жа­сағаныңмен, бәрібір мық­ты дүние болмайды. Басында ізі мықтап са­лынбаған соң, қа­рақшыдан ұзап кете ал­майсың. Түгелдей қайта жа­зу­ға көңіл соқпайды».

Ал Әзілхан Нұршайы­қов әң­гіме жарияланғаннан кейін Мұқан Иманжановқа жазған ха­тын­да: «Екінші қуантқан сізд­ің әңгімеңіз болды. Қы­зыға, сүй­сіне оқы­­­дым. Бас алғам жоқ. Орт­а тұсына келген­де әнеу­­күнгі мен айт­қан ға­шық­­тық негізіне бұрыл­ған ба деп ойлап қалып едім. Өйткені суреттеу басында мен айтқандай элементтер бар екен. Бірақ мен қыздың жақ­сы екенін басында айтып едім. Мұнда қыз жаман емес, дегенмен бұл бас­қа пландағы қыз», деп жазады.

М.Иманжановтың «Есе­новтің тағдыры» әңгімесі өте қысқа жазылғандықтан, Ә.Нұр­­шайықов ол сюжетті кеңей­тіп, артынан белгілі «Махаб­бат, қызық мол жылдар» романын жазған.