Ауа райы • 06 Маусым, 2023

7 маусымға арналған ауа райы болжамы

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 7 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. «Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, ел аумағында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей өңірлерде бұршақ жауып, шаңды дауыл тұрады. Республиканың бірқатар өңірінде аптап ыстық және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

7 маусымға арналған ауа райы болжамы

Атап айтқанда, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болжанып отыр, соған байланысты найзағаймен өткінші жаңбыр, еліміздің солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады.

«Тек елдің батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста бұршақ, батыста шаңды дауыл күтіледі», делінген хабарламада.

Сондай-ақ Ақмола, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Абай, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстік-шығысында, Алматы және Жетісу облыстарында қатты ыстық болжанады.

Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Атырау облысының солтүстігі мен шығысында, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Алматы және Жетісу облыстарының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50