Қоғам • 12 Қазан, 2023

Қазақстан азаматтары QR-код арқылы жұмысқа орналаса алады - министр

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин болашақта халық QR-код арқылы сертификатсыз жұмысқа орналаса алатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан азаматтары QR-код арқылы жұмысқа орналаса алады - министр

Бұл туралы ведомство басшысы Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы аясында өткен «Қазақстан – IT елі» панельдік сессиясында айтты.

«Біз алдағы уақытта не нәрсеге көңіл бөлеміз? Жақын арада біз анықтамасыз жұмысқа орналасуға мүмкіндік береміз. Жұмысқа өтініш бергендердің бәрі оны электронды форматта да жүктеп алып, жеке құрамға апару керектігін біледі. Бүгін олар Президентке QR арқылы қалай жұмысқа тұрып, еңбек шартына қол қоюға болатынын көрсетті», деді Бағдат Мусин.

Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы аясында ұйымдастырылған көрмені тамашалады. Президент Social Tech, Creative Economy, AI, FinTech, Industry 4.0, GovTech, Kaspikz, АРФР, Astana Hub, Freedom Bank, MyCar көрме аймақтарын аралап көрді.

Ақорданың баспасөз қызметі атап өткендей, Бағдат Мусин Мемлекет басшысына кейбір екінші деңгейлі банктер мен басқа да компаниялар өз платформалары арқылы азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік беретінін хабарлады.