Байқау • 19 Қазан, 2023

Umai-2023: Бақ пен бап

174 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елімізде Umai-2023 Ұлттық сыйлығына қатысуға өтінім қабылдау басталды. Айтулы шығармашылық табыстары мен үздік жетістіктері үшін кәсіби шығармашылық ұжымдар мен жекелеген өнер қайраткерлерін қолдауға бағытталған байқау осымен екінші рет өткізіліп отыр. Айта кетейік, Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, биыл сыйлықтар мен жалпы жүлде қоры едәуір ұлғайды.

Umai-2023: Бақ пен бап

Өтінім қабылдау «Театр өнері», «Музыкалық-орындаушылық өнер», «Хореографиялық өнер», «Бей­нелеу және сәндік-қол­­данбалы өнер» тәрізді төрт н­егізгі аталым бойынша өтеді. «Театр өнері» аталымы бойын­ша сегіз жүлде белгіленген: «Опе­ра өнері» (операдағы ерлер және әйелдер пар­тиясын үздік орындау), «Актерлік шеберлік» (дра­малық немесе музыкалық-драмалық спектакльдегі: оперетта, мюзикл, рок-опера, музыкалық комедиядағы үз­дік ер адам және үздік әйел адам рөлі), «Үздік режиссура» (музыкалық-дра­ма­лық немесе драмалық спектакльдегі ре­жиссерлік жұмыс), «Спектакльдің үз­дік көркемдік безендірілуі» (костюмдер және/немесе декорациялар), «Үздік му­зыкалық-драмалық спектакль» (опера, драмалық/музыкалық-драмалық (оперетта / мюзикл / рок-опера / му­зыкалық комедия), «Үздік драмалық спектакль / музыкалық комедия». Ал «Хо­реографиялық өнер» аталымы бойынша алты жүлде белгіленген: «Үздік би ұжымы» (халықтық, заманауи немесе эс­традалық би ансамблі), «Үздік заманауи хореография спектаклі», «Балеттегі үздік орындаушы» (ба­лет солисі /ер/ әйел), «Үздік хореограф», «Үздік клас­сикалық балет спектаклі». Тағы төрт жүлдені же­­ңімпаздар «Музыкалық-орын­даушылық өнер» аталымы бойынша алады: «Үздік дәстүрлі орындаушы (ән айту)», «Үздік дәс­түрлі орындаушы (аспапшы)», «Үздік музыкалық ансамбль» (клас­сикалық), «Үздік музыкалық ансамбль» (халықтық). «Бей­нелеу және сәндік-қолданбалы өнер» аталымы бойынша жүлде «Үздік сәндік-қолданбалы өнер шеберіне» мынадай санаттар беріледі: қолөнер шебері (зергерлік өнер, металл өңдеу, эксперименттік/аралас техникалар), қолөнер шебері (ағаш өңдеу, көркем ою, керамика), қолөнер шебері (киіз, текстиль, тоқымашылық, былғары). «Үздік бейнелеу өнерінің туындысы» үшін тағы төрт сыйлық тағайын­далады, атап айтқанда, «Үздік кес­кіндеме шебері», «Үздік заманауи өнер суретшісі (перформанстар, инсталляциялар, арт-нысандар), «Үздік графика шебері» және «Үз­дік мүсін шебері». Биыл «Үздік балалар спектаклі» (екі сыйлық) арнайы жүлделермен атап өті­леді, сондай-ақ тәуелсіз сарап­тау комис­сиясының мүшелері фина­лис­тердің арасынан сахналық өнер саласында «Жыл жаңалығын таңдайды. Шығармашылықта жаңашыл бетбұрыс жасаған және елімізде, сондай-ақ шетелде театр саласындағы өздерінің жарқын бірегей жетістіктері арқылы танымал болған, жасы 40-тан аспаған сахна өнерінің шеберлері «Жыл жаңалығы» жүлдесіне үміткер бола алады. Ұжымдар мен орындаушылар 2021 жылдың қыркүйегінен бастап 2023 жылдың шілдесіне дейінгі театр (концерттік) маусымында атқарған жұмыстары үшін Umai-2023 сыйлығының иегерлері атанады. Жекелеген өнер қайраткерлері (опера солис­тері, драма актерлері, режиссерлер, суретші сценографтар, кос­тюмдер бойынша суретшілер, ба­лет солистері, хореографтар, му­зыкалық орындаушылар) екі жылдан аспайтын мерзімде, яғни 2021 жылдан 2023 жылға дейін орындаған рөлдері/партиялары/шығармашылық жұмыстары/му­зыкалық бағдарламалары үшін бәйгеге түседі. Суретшілер мен сән­дік-қолданбалы өнер шеберлері де 2021 жылдан ерте емес кезеңде жасалған жұмыстары үшін үміткер бола алады. Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 5 желтоқсанында аяқ­талады.