Пікір • 09 Қараша, 2023

Экономикалық өсімге иек артамыз

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей Президентімен бірге жүздеген кәсіпкер келді. Бірқатар министрі мен губернаторы Қостанайдағы форумға қатысты.

Экономикалық өсімге иек артамыз

Біздің елдің шекаралық аймақтардағы әкімдері мен ми­нистрлері «Қайтсек тауарлары­мызды өткіземіз? Қайткенде отан­дық кәсіпорындардың тауар­ларын Ресейге сатқыза аламыз?» деген мәселелерге басын қатырып отыр. Бұл – жылда өтіп тұра­тын маңызды форум. Пандемия кезінде ғана өткен жоқ. Бір жылы Ресейде, бір жылы Қазақстанда ұйымдастырылатын маңызды жиын осындай өзекті мәселелерді шешуге септігін тигізеді.

Форум – жаңа инвести­ция­лық келісімшарттарды құруға бағыт­талған маңызды қадамдардың бірі. Қазақстан мен Ресейдің арасындағы сауда қатынастары 27 млрд долларды құрайтын болса, оның біраз бөлігі шекаралық аймақтардың арасындағы қарым-қатынасқа байланысты. Яғни 27 млрд-тың үштен бір бөлігі шекаралық аймақ­тағы қарым-қатынастардың мәселесі деген сөз. Оның ішін­де ашық және жабық сауда бар. Сондықтан бұл жиынға нем­құрайды қарауға болмайды. 

Содан кейін екі елдің арасында шешілмей келе жатқан мәселелер де бар. Мәселен, трансшекаралық су мәселесін алайық. Қазақстанға келетін өзен суының көбі Қытай, Өзбекстан, Ресей арқы­лы келеді. Осы мәселелерді шешу үшін де дұрыс қарым-қаты­нас қажет. Отандық тауарларды ары қарай өткізу үшін жасалып отыр­ған қиындықтар бар. Мұндай мәселелерді де осындай әңгіме бары­сында шешіп отыру өзекті. Қалай дегенмен де көрші екі алпауыт мемлекет – Қытай және Ресей­мен бірге өмір сүре білу, олардың мүмкіндіктерін пайдалана білу, әлеуетін пайдалану – экономикамызды дамытудың алғышарты.

 

Айдос САРЫМ,

Мәжіліс депутаты