Форум • 16 Қараша, 2023

Көшбасшы әйелдердің тәжірибе алмасу алаңы

155 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бельгияда БҰҰ – ЕО-ның Еуропалық одақ мекемелеріндегі Орталық Азия көшбасшы әйелдерінің диалогіне арналған тәжірибе алмасу форумы өтті. Іс-шараға Сенат төрағасының орынбасары Ольга Перепечина да қатысты.

Көшбасшы әйелдердің тәжірибе алмасу алаңы

Ольга Перепечина форумда сөйлеген сөзінде әйелдердің эконо­микалық әлеуетін дамыту, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес және Еуропалық одақпен ынтымақ­тас­тықтың басымдықтары туралы айт­ты. Депутат Орталық Азия әйел­дері­нің диалог тұғырнамасының ма­ңыз­дылығына тоқтала келе, алаң­ның Қазақстандағы жұмысының нәтижелерін атап өтті.

«Қазақстанның демография­лық құрылымында әйелдер халық­тың 51 пайызын құрайды. Еңбек нарығындағы әйелдердің үлесі шамамен 48 пайыз болып отыр. Бүгінде біздің республикамызда білім беру, денсаулық сақтау және әлеумет­тік қорғау саласындағы жалдамалы қызметкерлердің 70 пайыздан астамы әйел. Жалпы, гендерлік теңдік саласындағы халықаралық рейтингтерде біздің еліміз ілгерілеудің оң үрдісіне ие. Сондай-ақ Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекет қаты­сатын компаниялардағы басшы­­лық лауазымдарға әйелдердің 30 па­йыз өкілдігін енгізу әйелдерді саяси ілгері­лету бағы­тын­дағы маңызды қадам болды», деді Ольга Перепечина.

Сенатор Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың гендерлік саясатты іске асыру мәсе­лелеріне баса назар аударып отыр­ғанын атап өтті. Сенатор Отбасылық-демо­гра­фиялық және гендерлік сая­сат тұ­жы­рымдамасы 2016 жылы қа­был­дан­ғанын, ал 2021 жылы Пре­з­и­денттің тапсырмасы бойынша ма­ңыз берілгенін хабарлады.

«Биылғы маусым айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Орнықты даму саласындағы мақсаттар мен міндеттерді мониторингілеу жөніндегі парламенттік комиссия құрылды. Комиссияны Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев басқарады. Парламент орнықты даму мақсаттарын іске асыру мәселесін өз бақылауына алды, оған гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге және барлық әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңей­туге бағытталған 5 мақсат кіреді», деп атап өтті депутат.

Форум барысында қатысушылар әйелдердің экономикалық әлеуетінің өсуі, гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күрес, гендерлік теңдік сала­сын­дағы заңнаманы жетілдіру, климат­тың өзгеруі, сондай-ақ ЕО-мен пар­ламенттік ынтымақтастық секілді та­қы­рыптарды талқылауды жоспарлады.