Қаржы • 15 Қаңтар, 2024

Қолма-қол ақша, QR. Бір тауарға екі түрлі баға қою заңсыздық - министр

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қаржы секторындағы соңғы өзгерістерді түсіндіріп, қоғамда ең көп талқыланып жатқан сауалдарға жауап берді, деп жазады Egemen.kz.

Қолма-қол ақша, QR. Бір тауарға екі түрлі баға қою заңсыздық - министр

Фото: Ukimet телеграм арнасы

Соның ішінде министр бір тауарға қолма-қол ақша мен мобильді аударым (карта, QR) кезінде екі түрлі баға ұсынатын кәсіпкерлердің ісін заңсыздық деп атады. 

Министр мұндайда бірінші кезекте тұтынушының құқығы бұзылатынын алға тартты. Ол сатып алушы өзіне ыңғайлы тәсілмен төлем жасап, мобильді төлем кезінде артық ақша сұратқан кәсіпкердің үстінен шағымдануға құқылы екенін айтты.

«Қазақстан Республикасында төлемдер мен төлем жүйесі туралы арнайы заң бар. Ол жерде төлемдердің түрлері қолма-қол немесе қолма-қолсыз ақшамен деп көрсетілген. Қолма-қолсыз ақша банктік карталар мен QR арқылы төленеді. Егер кәсіпкерлер тек қана қолма-қол ақша талап етсе, бұл жерде тұтынушылардың құқықтары бұзылады. Сондықтан мұндай талаптар заңсыз деп есептеледі. Қолма-қолсыз төлем жасаған кезде бағаға үстіне қосып сату фактілері тіркелгені анықталып жатыр. Бұл да заңсыз. Себебі тауардың бағасы қолма-қол ақшамен, қолма-қол емес те бір баға болу керек. Мұндай жағдайлар болса арнайы CALL орталық 1414 номеріне хабарласуға болады немесе жергілікті кірістер комитетінің органдарына шағымданса біз ондай фактілерді тексеріп, тиісті шаралар қабылдаймыз», деді Ерұлан Жамаубаев. 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50