Елорда • 23 Қаңтар, 2024

Астанада аялдамаларды цифрландыру жұмысы жүріп жатыр

71 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада жолақысын электронды төлеу және диспетчерлеу жүйесін жаңғырту шеңберінде аялдамаларды цифрландыру жұмыстары басталды. Нақты атағанда енді аялдамаларда QR коды бар арнайы жапсырмалар орналастырылады. Оларды сканерлеу арқылы бағдарлардың нақты келу уақытын көруге болады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Астанада аялдамаларды цифрландыру жұмысы жүріп жатыр

Фото: gov.kz

Ол үшін «Avtobys» мобильді қосымшасын Google Play, App Store немесе AppGallery-ден жүктеп алу қажет. Қолданбаның басты бетінде QR белгісін басып, аялдамадағы QR кодты сканерлегеннен кейін қосымшада аялдамадан өтетін маршруттар және олардың болжамды келу уақыты көрсетіледі.

Қазіргі уақытта QR кодтары бар жапсырмалар 225 аялдамаға орнатылған. QR коды бар сызбаларды орналастыру бойынша жұмыстар жалғасады.